Онлайн газет



Өткен жыл бюджеті қорытындыланды

Өткен сәрсенбіде бесінші сайланған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы болып өтті. Онда «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік-аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі мәселе қаралды.
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі талаптарына сәйкес, шақырылған аталмыш комиссия отырысына төрағалық еткен депутат Н.Тлепов жиынды ашып, оның жұмысына қатысушылармен таныстырды, күн тәртібі мен регламенті бекітілді.
Бұдан соң ауданның 2013 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы есебін тыңдау үшін сөз аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Ж.Құмғанбаевқа берілді.
Берілген есептің негізгі бөліктеріне қысқаша тоқтала кетсек, аудан бюджетінің орындалуы бойынша түсімдер бөлігінде белгіленген жоспар 66844,53 мың теңге болса, нақты түскені 67532, 91 мың теңгеге немесе 101 пайызға орындалған. Оның ішінде,  салық түсімдері 878046,0 мың теңге көлемінде жоспарланып, 108,2 пайызға орындалған немесе жоспардан 72137,9 мың теңгеге артық. Ал, салықтан тыс түсімдердің жоспары 3568,0 мың теңге болса, орындалғаны 3974,8 мың теңге немесе 111,4 пайызды құраған.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің жоспары 24184,0 мың теңге болса, орындалуы 20477,9 мың теңге немесе 84,7 пайыз. Түсімдердің бұл бөлігінің орындалмай қалуының басты себебі – аукцион арқылы жер сату жұмысы желтоқсан айының соңында ұйымдастырылғандықтан, төлеу мерзімі 2014 жылдың қаңтар айына тура келген.
Трансферттік түсімдер бойынша 5778655,0 мың теңге жоспарланып, ол 100 пайызға орындалған.
Ал, аудан бюджетінің шығындар жоспары 6770150,0 мың теңге болып жоспарланып, 99,9 пайызға орындалған.
Жалпы шығыстардың ішінде, республикалық және облыстық бюджеттер есебінен түскен нысаналы трансферттер 99,8 пайызға игеріліпті.
Сонымен қатар, Жұманғали Серікбайұлы ауданның негізгі салалары бойынша қаралған қаржы көлемі, оның орындалу (игерілу) деңгейіне жеке-жеке тоқталып, сараптап өтті.
Сөз соңында баяндамашы бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне есепті жыл барысында орын алған кемшіліктерді ескеріп, үстіміздегі жылдың бюджетінің сапалы және толығымен игерілуіне көңіл бөлу қажеттілігін ескертті.
Баяндамашыға жиын қатысушылары тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Солардың бірі, облыстық мәслихаттың депутаты, Н.Киікбаев атындағы орта мектептің директоры А.Бекбауов аудандық  білім бөлімі бухгалтериясының орталықтандырылуына байланысты мектептердің күнделікті өмірінде туындап жататын кейбір ішкі істерін (жөндеу жұмыстары) атқаруда немесе сатып алу іс-әркеттерін орындау барысында көптеген кедергілер кездесіп отыратындығын алға тартты.
Өз кезегінде Ж.Құмғанбаев мырза әрбір мекеме, ұжым басшысы заңды тұлға ретінде, алдын-ала, жылдық жұмыс жоспарын жасауға, тиесілі қаржы қарастыруға, оның уақытылы және сапалы орындалуын қадағалауға міндетті екендігін жеткізді.
Келесі сөз кезегі ауданның 2013 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы мәселеге қатысты қорытынды жасау үшін сөз Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының орынбасары Е.Қарабаевқа берілді.
2014 жылдың тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудан бюджетінің атқарылуына, оның ішінде Қазақстан Республикасының бюджет принциптеріне сәйкестігіне, сондай-ақ ауданды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылу деңгейін бағалау жүргізілгендігін айта келе, аудандық бюджеттің әрбір бөлігіне тоқталып, қорытты.
Оның тұжырымдауынша аудан бюджеті қанағаттанарлық деңгейде атқарылған. Байзақ ауданын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысында орындалмаған индикаторлармен қол жеткізілмеген көрсеткіштер бар, яғни 57 нысаналы индикатордың 4-еуі немесе 7 пайызы орындалмаған.
Ермек Серікұлы сондай-ақ қорытынды сөзінде тұрақты комиссия қатысушыларын облыстық тексеру комиссиясының Байзақ ауданының 2013 жылға арналған бюджетінің атқарылуын талдау және өткізілген бақылау іс-шараларын қорытындылау негізінде сессия жұмысына енгізілген, 6 тармақтан тұратын ұсыныстармен таныстырды. Сонымен қатар ол, облыстық тексеру комиссиясының облыс бойынша 2013 жылғы атқарылған жұмыстарына қысқаша тоқталып өтті.
Бұдан соң, отырыс қатысушылары жасалған баяндамамен қорытындыларды талқылауға көшті.
Есепті жыл барысында атқарылған жұмыстары туралы Үлгілі ауылдық округінің әкімі Д.Мәдешов пен аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Саққұловалар есеп берді.
Мәселе бойынша қаулы қабылданды.
Тұрақты комиссия күн тәртібіне енгізілген мәселенің маңыздылығы, үстіміздегі жылға жасалған жоспарлар, аудан бюджетін игеруде кейбір орын алған кемшіліктер, оларды алдағы уақытта болдырмау, жол бермеу туралы аудан әкімінің орынбасары Ә.Қилыбаев сөз сөйлеп, жиын барысында көтерілген мәселелерге қатысты қосымша түсінік берді.
Отырыс төрағасы депутаттарды келесі тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселемен таныстырып, ол бойынша қаулы қабылданды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 19.05.2014 12:16
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін586
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада10845
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27475
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279144

Серіктестер