Онлайн газет



ЖАСТАР САЯСАТЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Байзақ ауданында мемлекеттік  жастар саясатын жүзеге асыру аясында 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттiк  жастар саясаты туралы» Заңы және мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының Жамбыл облысында іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау жөніндегі кешенді жоспары өз деңгейінде жүргізілуде.
Бүгінгі күні ауданда 14-35 жас аралығындағы 31578 жас болса,  бұл аудан халқының 29,1% құрайды.
Аудан әкімдігінің бөлімдерімен бірлесіп, ауыл және ауылдық округтерде мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында «Jastarga kenes» жобасы аясында кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, тұрғын үй, құқықтық, психологиялық бағытта кеңестер беру үшін түрлі сала мамандарын тарта отырып, ауыл және ауылдық округтерде 36 көшпелі кеңес беру, 56 ашық есік күні ұйымдастырылды.
Кеңес беру  алаңдары нәтижесінде жастар, жас отбасылар «Отбасы банкі» арқылы 69  жас тұрғын үй алу және бастапқы жарналарды жинақтау үшін депозит ашты. Мансап орталығы арқылы 399 жас кеңес алып, Жастар тәжірибесі бағдарламасы арқылы 59 жас, ақылы қоғамдық жұмысқа 41 жас тартылса, Бизнес-Бастау жобасы аясында 111  жас онлайн оқудан өтті.
Өткен 10 айда әртүрлі бағытта 5900 жасқа консультациялық кеңестер беріліп, жастар мәселесін оңтайлы шешу мақсатында тиісті мекемелерге жолданды.
Ауданда жыл басынан 10 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылып, оған 141 жұмыс беруші мекеме қатысып, 671 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 2100 жұмыссыз қатысса, оның 1850-і жастар.
2024 жылы 100 маманға көтерме жәрдемақы, 98 маманға несие беру қарастырылған. Бүгінгі күнге ресурстық орталық тарапынан үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 76 маманға кеңестер беріліп, құжаттарын өткізді. Қазіргі күнге көтерме жәрдемақы алу үшін 64 маман кезекке қойылса, несие алу үшін 35 маман кезекте тұр.
Уақытша бос жүрген  жастарда біздің назарымыздан тыс қалмайды. «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі арқылы өзіміз жүргізген талдауға сәйкес 3155 жастың мәртебесі өзектендіріліп, жыл басынан 28 NEET жас анықталған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 27 жас өзектендірілді, бүгінгі күнге база бойынша 1 NEET қалды. Жастарға мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттар беріліп, ресурстық орталық тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларға тартылуда.
ZHAS PROJEСT: JAMBYL, ŪLYТAU әлеуметтік жобасы аясында  Жамбыл облысына жыл сайын 8 жоба бөлінсе, ауданымыздан 6 жобаға өтінім беріліп, 1 жоба жеңімпаз атанды. «Біз біргеміз» атты ерекше жандарға тігін үйрету клубы атты жобаны Танжар Сузакбаев іске асырды.
Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын орындау мақсатында және уақытша бос жүрген жастардың уақытын тиімді өткізу мақсатында үстіміздегі жылдың қаңтар және қазан айларында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен, рухани-адамгершілік, спорт, мәдени шығармашылық, экологиялық, дін, этносаралық келісім, әскери патриоттық бағыттары бойынша  1292  іс-шара өткізіліп, оған 28060 жас қамтылды.
Ауданда жастар мен жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті арттыру бағыты бойынша  233 іс-шара өткізіліп, оған  3090 жас қамтылды.  Атап айтсақ, «Айбынды әскер - ел ертеңі» атты акция, «Жастар және қылмыс», «Тәртіпке бағынған құл болмас» тақырыбында жастармен кездесулер ұйымдастырылып, аудандық полиция бөлімімен бірлесе «Түнгі рейд» атты рейдтік шаралар жүргізілді.
Ауданда жастар мен жасөспірімдердің арасындағы  психологиялық бағыт бойынша 252 іс-шара өткізіліп, оған 4129 жас қамтылды. Атап айтқанда, «Жастар арасындағы репродуктивті денсаулық», «Құмар ойын - құрдым», «Интернетсіз бір күн», «Мамандық таңдау - маңызды іс», «Әйелдерге қатысты зорлық зомбылықтың алдын-алу», «Біз-бақытты отбасымыз» тақырыптарында кездесулер мен дөңгелек үстел отырыстары өткізілді.
Еріктілер көктемгі дала жұмыстарына тартылып, тал егу, көгалдандыру акцияларына атсалысты. Экологиялық мәдениет қалыптастыру және көгеріштендіру мақсатында еріктілермен «Таза ауыл», «Экосана», «EkoLiFe» «Таза Қазақстан», тағы басқа тақырыптарда сенбілік жұмыстары  ұйымдастырылып, 18 тоннаға жуық күл-қоқыстар арнайы орындарға шығарылды. Одан өзге волонтерлік «Қамқор» бағыттары аясында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты қарттардың үйіне дәрі-дәрмек, 9 үйге азық-түлік жеткізіліп, 29 үйге тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тиісті мерзімде  213 шара ұйымдастырылып, оған 1739 жас қамтылды.
Үстіміздегі жылдың ақпан айында  ауданда жайдарманшылар клубы құрылып, оған 130 жас мүшелікке тіркелді. Бүгінгі күнге клуб 6 жайдарман ойынын өткізіп, оған 986 жасты қамтыды. Жайдарман клубының мүшелері «Аказаки» жайдарман командасын құрып, Астана, Алматы қаласындағы ойындарда өз өнерлерін көрсетті. Тараз қаласында өткен ойында жүлделі 3 орынды иеленіп, команда мүшелері Шерхан Мұртаза атындағы университеттен 2023-2024 оқу жылының оқу төлем ақысына 25% жеңілдікке ие болды. Бүгінде олар Алматы қаласындағы лигада өз өнерлерін көрсетуде.
Ауданда өткен жылдың 9 ақпанында  «BАIZAQ» пікірсайыс клубы құрылып, ережесі бекітілді, оған 33 орта мектепте дебат клубтары біріктірілді. Клубтың жұмыс жоспары бекітіліп, жастарды ынталандыру мақсатында «Baizaq CUP:Tuimekent»,  «Baizaq CUP:GM» атты  кубок жобасы іске асырылды. Сонымен қатар мамыр айында Қызыл жұлдыз ауылдық округінде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына орайластырылған «TALAP GUP-2024» атты дебат ойындарынан облыстық турнир ұйымдастырылды. Турнирге облыстың барлық аудандарынан 80-ге жуық команда қатысты.

Қуаныш АРЫСТАНБЕК,
аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің жастармен жұмыс жөніндегі маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1390
mod_vvisit_counterКеше1409
mod_vvisit_counterОсы аптада4446
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30139
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680355

Серіктестер