Онлайн газет



БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Жақында Төребай Ақбозов атындағы орта мектепте «Кел, дос болайық!»  атты акция өзімнің ұйымдастыруыммен өтті.
Акцияның  басты мақсаты - оқушылардың арасында достық сезімді сондай-ақ, әр баланың достыққа, адалдыққа, ынтымақтастық пен достық сезімдерін нығайту, әдеп нормаларын ұстану, өз отбасында, сыныпта, мектепте, қоғамда, отанның бір мүшесі екенін сезіну.
Айтулы шараға 5-сынып оқушылары белсене қатысып қана қоймай, тапсырмаларды орындап, достық пен бірлік, ынтымақтастық туралы әңгіме өрбітті. Әсіресе 5 “А”- сынып оқушылары Омар Жазықбай, Айару Бейсекбек, Інжу Кенжебек, 5 “Ә” - сынып оқушылары Алуа Исабек, Нұрсая Бақыт, Бекнұр Ақсанди, Сырым Несіпбайлар досқа адал болу, достықты бағалай білу, өзара түсіністік, өзара көмек, шынайы қарым-қатынас туралы ойларымен бөлісіп, белсенділік танытты. Осылайша оқушылар  достық, адамгершілік, әдеп, ынтымақтастық  туралы ойларын ортаға салды.
Дос таңдау мен дос болудың жауапкершілігі, қоғамда, мектеп пен сыныпта өзін дұрыс ұстау, тәуелсіз еліміздің адал азаматы болу үшін алдымен достықтың қадіріне жетумен қатар ұлы ғұламалар ойлары мен нақыл сөздерін, дос туралы мақал-мәтелдер айтып, акцияның қызықты әрі мазмұнды өтуіне  ұйымшылдықпен атсалысты.

Мақпал Данабекова,
психолог.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін400
mod_vvisit_counterКеше1579
mod_vvisit_counterОсы аптада1979
mod_vvisit_counterӨткен аптада9021
mod_vvisit_counterОсы айда8684
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2935699

Серіктестер