Онлайн газет



МАҚСАТ - АНА МЕН БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың  алдын алу – бүгінгі күннің басты мәселесіне айналды. Отбасының берекесін келтіріп отырған әйеліне қол көтеріп, ар-намысына тиіп, балағаттайтын, бала-шағасына зәбір көрсететін ер азаматтар арамызда кездесіп қалады.
Кез келген демократиялық, құқықтық мемлекетте адамның өмірі мен құқықтары, бостандығы - басты құндылық саналады. 2024 жылдың 15 сәуірінде Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойғанын жақсы білеміз. Қолданысқа енген Заң отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандардың құқығы мен мүддесін қорғауға арналған. Атап айтқанда, зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жауапкершілік қатайтылып, Қылмыстық, Әкімшілік және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерге 36 заңнамалық түзету енгізілді. Ұрып-соғу мен денсаулыққа жеңіл зақым келтіру бұрынғыдай әкімшілік емес, енді қылмыстық құқықбұзушылық болып саналады. Абьюзерлер бұдан былай айыппұл төлеп құтыла алмайды, жауапкершілікке тартылады.
Дағдарыс орталығы Жамбыл облысы әкімінің шешімімен Тараз қаласында 2014 жылы ашылған болатын. Орталық 51 қызмет алушыға арналған. Мәселен, күйеуінен күнде зәбір көретін, барар жер, басар тауы жоқ аналар осы орталықта 6 ай бойы паналайды. Оларға 8 түрлі көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік - медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік - еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық. Міне осы бағыттар бойынша зәбір көрген ана мен балаға психологиялық көмек көрсетіліп, өзін қауіпсіз сезінуге жағдай туғызылады.
2023 жылдың сәуір айынан бастап Байзақ ауданында кеңес беру кабинеті ашылып, психолог және әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман жұмыс атқарады. Мақсат-зорлық-зомбылыққа тап болған аналар мен балалардың құқығын қорғау мен  көмек беру. Өткен жылдың сәуір-желтоқсан аралығында кеңес беру кабинетіне көмек сұрап, 94-тен аса ана қайырылды. Оларға неке мен отбасын сақтау, отбасында өмір сүре білу үшін қарапайым мінез-құлық ережелерін сақтау, балаға дұрыс тәрбие беру, адамды қорлауға, кемсітуге, зорлық-зомбылық көрсетуге заңмен тыйым салынғаны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, психологиялық көмектер көрсетілді. Соның нәтижесінде  40-тан астам аналар отбасына қайта оралды.
Негізінен кеңес беру орталығына  жас отбасылар, зорлық-зомбылық көрген қыз-келіншектер келіп, қиын жағдайға тап болған әйелдер көмек беруін сұранады. 2024 жылдың 11 айында 63 анаға психологиялық көмек пен қолдау көрсетілді.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам-адал еңбек-адал табыс» атты  үшінші отырысында: «Тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг пен агрессия да қазіргі уақыттағы қатерлі үрдіс.  Ашығын айтсақ, қоғамда қатыгездік күшейіп барады. Біреуге тіл тигізіп, ар-намысын таптап, тіпті ұрып-соғуға дайын тұратындар аз емес. Адамға әлімжеттік көрсету, қорлау дұрыс емес. Мұндай теріс әрекеттерге көз жұма қарауға болмайды. «Ауруын жасырған өледі». Сондықтан біз осы қоғамдық дертті жасырмай, ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз үйде де, түзде де өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, қауіпсіз ортада өмір сүруі керек. Заң мен тәртіп қатаң сақталуға тиіс, яғни қоғамда Заң үстемдігі болуы қажет. Ең бастысы - біз мейірімді әрі мәдениетті ұрпақ тәрбиелеуіміз керек» деген еді.
Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетіндер-әйелдер мен жас балалар. Елімізде ана мен баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау-мемлекетіміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі болып саналады. Өйткені бүгінгі ұл-ертеңгі әке,  бүгінгі қыз-ертеңгі ана.  Ұл әкесіне, қыз-анасына қарап өседі. “Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі” деген мәтел тегіннен тегін айтылмаған. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға ата-ана болғандықтан,  отбасында ауызбірлік пен ынтымақ,  ата-ананың бір-біріне деген қарым-қатынасы, бір-біріне деген құрметі дұрыс болуы керек. Ұрыс, керіс, жанжал жиі болатын шаңырақта балалар көргенін қайталайды. Ең алдымен ата-ана тәрбиелі болу керектігін ұмытпаған абзал. Бастысы жастайынан ұл баланың бойына қыз баланы, ананы сыйлап, құрметтеуді сіңіретін болсақ, келешекте отбасында зорлық-зомбылық орын алмайтын болады.

Алия Жұмағұлова,
Байзақ ауданы кеңес беру кабинетінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін4
mod_vvisit_counterКеше1480
mod_vvisit_counterОсы аптада4540
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30233
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680449

Серіктестер