Онлайн газет



Жас аналар ардақталды


Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 15 мамыр- Халықаралық отбасы күні болып бекітіліп, 1994 жылдан бері әлемде кеңінен аталып  келеді.  Осы бір мерейлі  мерекеге орай   аудандық іскер әйелдер қауымдастығының ұйытқы болуымен “Анаға құрмет-елге құрмет” атты шара  аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімшесінде өткерілді. 
Шараны аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Г. Мамырбаева ашты. Аудандық іскер әйелдер қауымдастығының  директоры,  аудандық мәслихаттың депутаты Т. Кадимова  отбасының адамзат өміріндегі мәні, бала бақыты, отбасын сақтау және нығайтудың маңызына тоқтала отырып,   өмірге сәби әкелген жас аналарды мерекемен құттықтап,  денсаулық,  бақыт тіледі. Аудан әкімі аппаратының бас инспекторы С. Иманова, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры С. Бөлтірікова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә. Саққұлова елімізде ана мен балаға жасалып жатқан қамқорлықтарды сөз етті. 
Бұдан соң   жас аналар:  сарыкемерлік А. Умбетова, құмжоталық  Ә. Бейсенбиева, қостөбелік   А.Кенжеғалиеваларға  сый- сияпаттар табысталды. Бір топ аналар атынан сөз алған А. Кенжеғалиева өздерін құрметтеп келген іскер әйелдер қауымдастығына алғысын білдірді. Мұнымен қатар  жас аналарға   балаға күтім жасау, емізу, салауатты өмір салтын ұстану жөнінде кеңестер беріліп, ақпараттық-әдістемелік материалдар тегін таратылды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 19.05.2014 12:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін360
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада10619
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27249
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2278918

Серіктестер