Байзақ ауданы аумағында Әйелдерге қатысты кемсіту-шіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде десек, соның бірі - Сарыкемер ауылындағы №7 орта мектебінде ұйымдастырылды. Шара барысында аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция бөлімі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы
Айгүл Нұрова, Байзақ ауданы кеңес беру кабинетінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Алия Жұмағұлова ретімен сөз алып, күн тәртібіндегі мәселеге байланысты бейнебаян арқылы сабақтастыра баяндап берді. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Ақмарал Бартбек зорлық-зомбылық түрлеріне тоқталды. Сондай-ақ, ол агрессорлы және зорлық-зомбылық жағдайының құрбандарын ажырата білу қабілетін қалыптастыру мақсатында шара қатысушылары арасында «Жағдаяттарды талдау» практикум тренингін өткізді.
![](/images/0007357.jpg) Жалпы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көбіне ер азаматтардың үйде жұмыс істемей отыруы, спирттік ішімдікке салынуы, қызғаншақтықтың туындауынан болады. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық Қазақстан Республикасы бойынша үлкен мәселе болып отыр. Сондықтан да әйелдердің сана-сезімін оятып, құқықтық білімдерін жетілдіріп, психологиялық көмек беру керектігі айтылды. Соңынан кездесу қатысушыларына жадынамалар таратылды.
Айдар АЛДАБЕРГЕНОВ.
|
Обновлено 02.12.2024 16:25 |