Мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді. Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне
асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс. Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындайды деп есептейді. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қойылады. Мемлекеттік қызметшілер қоғам алдында мемлекеттің бет-бейнесі болып табылатындықтан «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» ең алдымен, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған, кодексте мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, сондай-ақ көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу тікелей айқындалған. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қоғамдық пікірді қалыптастыру белгілі бір дәрежеде олардың қызметтен тыс уақыттағы, оның ішінде қоғамдық орындардағы мінез-құлқына байланысты екенін мойындау керек. Осыған байланысты қызметтік әдептің жаңа қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда мас күйінде болу жағдайларына жол бермеуге, тиісті қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс қоғамдық имандылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қол сұғумен ұштасатын заңнама талаптары және басқа азаматтарды құқыққа қайшы, қоғамға жат әрекеттер жасауға тартпау. Мемлекеттік қызметшілердің Кодексте қамтылған талаптарды сақтауы олардың қызметтік борышы болып табылады, ал бұзушылық-көзделген жауаптылыққа әкеп соғады және мемлекеттік қызметші атына кір келтіреді.
Рита Алтынбасова, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы. |