Аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағынбеков жиын-терін науқанының өту барысымен танысу мақсатында Темірбек ауылдық округіндегі бірқатар алқаптарды аралап, шаруалармен жүздесті. Үстіміздегі жылы Темірбек ауылдық округінде 303 гектарға тәтті түбір егілген. Атап айтқанда, «Ниет» шаруа қожалығы жаңбырлатып суару әдісімен 200 гектарға қант қызылшасын орналастырса, «Ерлан» шаруа қожалығы 65 гектарға, «Зерхат» шаруа қожалығы 25 гектарға, «Мақпал» шаруа қожалығы 13 гектарға тамшылатып суару тәсілін
қолданған. «Ниет» шаруа қожалығы жиын-терін науқанын аяқтауға күш салып жатса, қалған шаруашылықтар қант қызылшасын жинап үлгерген. Олардан алынған өнімдер әр гектарына 950-1100 центнерді құраған. Жалпы, аудан бойынша ағымдағы жылы 3010 гектарға тәтті түбір орналастырылса, оның 2024 гектары жиналып, одан 148440 тоннадан астам өнім алынған. Жиналған өнімдердің 82716 тоннадан астамы «Меркі қант» және «Ақсу қант» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне өткізілуде. Аудан аумағында әлі 1045 гектардай қант қызылшасы алқаптарында жиын-терін жұмыстары жүргізілуде десек, олардан 68 мың тоннаға жуық өнім алу жоспарлануда.
Ақпараттық медиа орталығы. |
Обновлено 02.12.2024 15:40 |