Онлайн газет



Ардагерлер сахна төрінде

Аға буын өкілдерінің ұрпақ тәрбиесінде алатын орны туралы аз айтылып жүрген жоқ. «Қариясы бардың, қазынасы бар» демекші, өмірден көрген-түйгені мол ардагерлер жастарға жақсы жағынан үлгі-өнеге болуға барын салып жүр. Ақылшы ата, шежірелі қария болумен қатар, олар түрлі өнерді жандарына серік етіп, ұрпағын тәнті етуде.
Биыл екінші дүниежүзілік соғыстың Жеңіспен аяқталғанының 69 жылдығын атап өткен болсақ, келер жылы Ұлы мейрамға 70 жыл толады. Торқалы тойға дайындық бүгінен басталуда. Аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде өткен «Қайран ерлер, Қаһарман ардагерлер!» атты ардагерлер шығармашылығының аудандық байқауы мереке қарсаңындағы алғашқы іс-шаралардың бірі деседе болады.
Бұған дейінгі дүбірлі додаларда жастар бақ сынаса, бұл байқаудың  ерекшелігі де сол – оған 58 жастан жоғары ақсақалдар қатысып, 2 номинация бойынша өнер көрсетті. Қатысушыларға аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Рәш Шәметов сәт-сапар тілегеннен кейін, ардагерлер бірінен соң бірі шығып, соғысты жырлады. Патриоттық әндер шырқады.
Сұм жылдар өрнектелген ақын өлеңдерін  мәнеріне келтіре оқыған, әндерімен көрермен көпшілік жүрегіне туған жердің қадір-қасиетін ұялатқан өнерлі ақсақалдар тиісінше әділқазылар тарапынан жоғары ұпай алып, жүлделі орындарға ие болды.
Сонымен ауданымыздағы ауылдық округтерден келген 20 үмтікердің ішінен, қостөбелік Мергенбай Елгешбай ақсақал жүлделі І орынға лайық деп танылса, ІІ орынды сарыкемерлік Әбдіхалық Бөртеев және Бәйтерек ауылдық округін бастап келген Сәбит Айтбаев, Қалыбай Құдайбергенов, Айтқұл Мамытқұлұлы місе тұтты. Қос ІІІ орын Көптеректен келген Бекболат Аманбеков пен түймекенттік Күнтуған Ақназаровқа берілді. Осы және өзге де ынталандыру сыйлықтарын иемденген жеңімпаздарды құттықтаған аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Махамбетов аудан тарихында алғаш рет өткізіліп отырған байқаудың маңыздылығын ауызға алып, соғыс әкелген ауыртпалықтарды, тәуелсіз таңға тәубе етуді кеңінен әңгімеледі. Ұйымдастырушылар жүлдегерлерді бағалы сыйлықтармен марапаттап,  игі тілектерін жеткізді.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін459
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада10718
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27348
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279017

Серіктестер