Онлайн газет



ӨНЕРДІҢ ӘНДЕРІ-АЙ!

Өткен аптаның сенбісінде  аудан орталығындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері Өнер Нұрбаевты еске алуға арналған «Өнер өлмейді» атты концерт болып өтті.
Еске алу шарасының  шымылдығы Динара Диханбаеваның орындауында С.Бәйтерековтың «Аман бол» әнімен ашылды. Әрі қарай Ғани Мәтебаевтың орындауында Н.Тілендиевтің «Қаздар қайтқанда», «Ауылым - ай», Күлила Құрымбаеваның орындауында М.Ержановтың “Қуанамын”, Маралбек Бабақұловтың орындауында М.Мақатаевтың «Әке» әндері орындалды. Сондай-ақ, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты, дәулескер күйші Дидар Басығараев «Әкеге жұбаныш» күйін тартты.
Атаулы кешке аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағынбеков қатысып отырды. Сөз кезегінде Болат Мырзаханұлы: «Жақсы адам өзіне байлық жинамайды, өзі байлыққа айналады, яғни Өнер бауырымыз осы сөзіміздің дәлелі», - деп жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, ауданымыздың Құрметті азаматтары Батырбек Құлекеев, Әзімхан Қилыбаев, Қадырхан Оралов, Жамалбек Есенқұловтар естелік әңгімелерімен бөлісті. Ал, ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатыр Өнер Нұрбаевқа арнап жазған өлеңін жиналған қауымға тарту етті.
Бұдан бөлек, Алмахан Исабаевтың орындауында Қ.Нарбатырдың «Сарыкемерім», Алмахан Исабаев пен Жанат Сәлімбаеваның орындауында Қ.Нарбатырдың «Шіркін жастық», Салтанат Тұрлығұлованың орындауында Ж.Омаровтың «Біздің елдің жігіттері» атты Өнер Нұрбаевтың репертуарындағы әндер әуелете шырқалып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.


Әсем әндер мен күмбірлеген күй тыңдармандарға керемет көңіл-күй сыйлап жатты. Концерт Алмахан Исабаевтың орындауында Әкім Ысқақтың «Көк тудың желбірегені» атты әнімен қорытындыланды.

Ақпараттық медиа орталығы.

Обновлено 02.12.2024 15:36
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1450
mod_vvisit_counterКеше1409
mod_vvisit_counterОсы аптада4506
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30199
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680415

Серіктестер