Онлайн газет



АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халықтың аурушаңдығын, асқынуы мен өлім-жітімін төмендетуге бағытталған созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару және адамның өзін қатыстыра отырып, денсаулық үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында ҚР ДСМ дәлелді медицинаға негізделген ауруларды басқару бағдарламаларын (АББ) енгізе отырып, АМСК күшейту бойынша жұмыс жүргізуде.
Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алу және олармен күрес, пациенттердің өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыру, медициналық персоналдың өзара іс-қимылын жақсарту және ықтимал асқынулардан емес жай-күйін ауырлатуды болдырмау мәселелеріне бағытталған қолда бар барлық ресурстарды пайдалануда елеулі өзгерістер қажеттігінен туындады. Сонымен қатар АББ-бұл денсаулық сақтау шығындарын азайтуға және іріктелген аурудың салдарын болдырмау немесе азайту жолымен созылмалы аурулары бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бағдарлама.
АББ-ны енгізу бойынша ҚР ДСМ деңгейінде созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқарудың 3 бағдарламасы енгізілуде: Олар:
1. Қантты диабеті (ҚД)-169 қатысушы,
2. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ)- 26,3 қатысушы.
3. Артериялық гипертензия (АГ)- 624 қатысушы.
Байзақ аудандық емханасында АББ Денсаулық мектептері кабинетінде мульти тәртіптік топ, яғни дәрігер, мейірбике, психолог, әлеуметтік қызметкермен бірге пациенттермен түрлі тақырыпта тренинг, семинарлар, дөңгелек үстел отырыстары, жаттығулар, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Биылғы жылдың 10 айында 20 іс-шара өткізіліп, оған 115 адам қамтылды. Өзімнің ұйымдастыруыммен “Өз денсаулығыңды басқарып үйрен”, “Артериялық қан қысымы”, “Қант диабеті” тақырыптарында  түрлі форматтағы шаралар өткізілді.  Әлеуметтік қызметкер Арайлым Үйкекбай “Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты”, психолог Салтанат Дүйсенова “Күйзелістен қорықпа - оны жеңуге ұмтыл”  тақырыптарында психологиялық тренинг, әлеуметтік қызметкер Гүлжан Құлахмет “Тыныс алу жаттығулары” тақырыбында шаралар өткізді.
Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Сонымен қатар аталған тақырыптарда жадынамалар таратылды.

 

Айнура Абдурасулова,
отбасылық денсаулық орталығының аға мейірбикесі.

Обновлено 02.12.2024 15:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1476
mod_vvisit_counterКеше1409
mod_vvisit_counterОсы аптада4532
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30225
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680441

Серіктестер