Қоғамның өзекті мәселесінің бірі-сыбайлас жемқорлық. Әлеуметтік кеселдің алдын алу, түбірімен жою мақсатында елімізде жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Кейінгі жылдары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге және оның алдын алу тиімділігін арттыруға айрықша басымдық беріліп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін
айта келе: “Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен күрес-қоғам талабы. Мінсіз қоғам-жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір-парақорларсыз өмір, мықты мемлекет-жемқорларсыз мемлекет болуымыз керек. Еліміз елу елдің қатарына ену үшін аяқ басқанда айналамызды ашкөз алаяқтардан аластап, қоғамды тазарту- азаматтық міндетіміз,-деген еді. “Азаматтарға арналған үкімет” МК АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Байзақ аудандық АХАТ бөлімінде халыққа мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолайлы жағдай жасалған. Қызметкерлер арасында жемқорлықтың алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. Ел мақсаты-мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту болып табылады.
Ажар Сансызбаева, аудандық АХАТ бөлімінің жетекші маманы.
|