Онлайн газет



ЖАПЫРАҚТЫ ҚЫРЫҚҚАБАТ

Жапырақты қырыққабат (Brassicaoleracea L. conv. acephala) - Капуста листовая - ежелгі заманнан бері танымал, қырыққабаттылар тұқымдасының өсімдігі, Еуропада, Америкада және Азияда өсіріледі.
Құрамы бойынша 100 г жапырақты қырыққабатта-29 ккал бар. Құрамында бета-каротин, лютеин, кальций, фосфор, магний, темір және A, B1, B2, B6, C, E және K дәрумендері бар. Құрамындағы антиоксиданттардың арқасында, жапырақты қырыққабаттың ісікке қарсы әрекеті, қатты қабынуға қарсы қасиеті бар, сондай-ақ склероздан сақтайды. Ол оңай сіңірілуіне және құрамындағы көп минералды тұздар мен дәрумендерге байланысты жасы үлкен адамдарға арналған емдікдәмдерде және балаларға ұсынылады.
Орта ғасырларға дейін жапырақты қырыққабат барлық Еуропада танымал және өсірілетін көкөніс болған. Қазіргі таңда онсыз бразилиялықтар, голландтықтар, португалдықтар және де Оңтүстік Африка халықтары өз мәзірін елестете алмайды және ол Америка Құрама Штаттарында да қолданылады.
Қазір Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық саласында тиімді дақылдарды егуге бет алып жатыр. Соған байланысты Байзақ жеміс-жидек сорттарды сынау учаскесі 2023-2024 жылы қант қызылшасы - 27, картоп - 5, пекиндік қырыққабат - 2, баялды - 3, қарбыз - 6, түрлі-түсті қырыққабат – 5, салат жапырақтары – 10, қызанақ – 6, пияз - 2, тәтті бұрыш – 7, кәді – 2, жапырақты қырыққабат - 1  және тағы да басқа сорттары сынақтан өткізілді.
Жапырақты қырыққабат «Карилло F1» сорты биылғы жылы егілді. Ерте уақытта жетілетін жапырақты қырыққабат. Өсімдіктің тұқымы егілгеннен бастап пісу уақыт аралығы – 70 күн. Түсі-қанық қою жасыл түсті, жапырақтары жұмсақ, қайырылып өседі. Қырықабат тұқымдастарының ерекше түрі деп айтса да болады. Себебі, жапырақтары жиырылмайды, өсімдіктің пісіп жетілуі жапырақ күйінде сақталады. Жапырақтарының ұзындығы 35 сантиметрге дейін жетеді. Бұл жапырақты қырыққабаттың тағы бір ерекшелігі қайта өсуге бейімділігі бар өсімдік. Бір жылда бір өсімдіктен екі-үш өнім алуға болады.
«Карилло F1» гибридінің сынақтан өткізілгеннен кейінгі жалпы мінездемесі төмендегідей:
1. Жапырақтары жұмсақ, қайырылып өседі;
2. Жапырақтарының ұзындығы: 35 см;
3. Жапырақтарының формасы: жапырақ тәріздес;
4. Жемістерінің түрі: қою қанық жасыл түсті.
Ерекшеліктері: көшет қылып отырғызған жағдайда жемістерінің салу кезеңі 45-47 күн.

Абдығали Джанабеков,
«Байзақ жеміс-жидек сорттарды сынау учаскесі» филиалының  басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін35
mod_vvisit_counterКеше1480
mod_vvisit_counterОсы аптада4571
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30264
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680480

Серіктестер