Онлайн газет



ЖҮГЕРІ

Жүгерінің отаны-Орталық және Оңтүстік Америка. Ғалымдардың пайымдауынша, жүгері-планетамыздың ең ежелгі нан өсімдігі екен. Перу жеріне жүргізілген зерттеулер барысында б.з.д. бесінші мыңжылдыққа жататын жүгері собығының табылуы оның ең ежелгі өсімдік екендігіне дәлел бола алады.
Қазақстанның оңтүстік өңірінде жүгері-негізгі бағалы мал азығындық дақылдың бірі. Аймақтың егіншілік жүйесінде астық мал азықтық, мақта, көкөніс дақылдарының ауыспалы егісінде өсіріледі. Жүгерінің ауыспалы егістегі маңызы ерекше. Ол бірден-бір топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, физикалық қасиетін жақсартатын өсімдік. Өкінішке орай, соңғы жылдары бұл бағалы мал азығының облыс бойынша егіс көлемі 150 мың гектарға азайып кетті.
Жүгері-Қазақстанда өсірілетін негізгі дәнді дақылдардың бірі. Агротехникалық іс-шараларды дұрыс және уақытылы жүргізгенде жүгері басқа астық дақылдарымен салыстырғанда әлдеқайда мол өнім береді. Жүгері вегетациялық дәуірі ұзақ болуына байланысты топырақтан қажетті затқорларды едәуір молырақ мөлшерде алады. Мысалы, 1 тонна собығы және сондай мөлшердегі сабаны 30-35 кг азот, 10-15 кг фосфор, 24-245 кг калий пайдаланады. Әрине, бір гектардан алынатын өнім жоғары болғанда, қоректік заттар мөлшері де көбейеді. Бірақта жүгері өзінің өсу дәуіріне қоректік заттарды біркелкі қабылдамайды.
Жамбыл облысы бүгінде тұқым шаруашылығы бойынша өзгелерден көш ілгері келеді. Өңіріміздің шаруалары өнімділікті арттыру үшін тиімді тәсілдерді пайдаланып, сертификатталған тұқым егіп, жаңа технологиялар мен өсімдіктерді қорғау әдістерін көптеп пайдалануда. Соған байланысты Жамбыл сорттарды сынау учаскесі 2023-2024 жылы қант қызылшасы - 27, жүгері-61, сорго-3, бидай -38, тритикале-3, арпа-2, соя-9, күнбағыс-36, жоңышқаның-5 сорты егілді. Соның ішінде жүгері сорттарынан «ЛГ 31700» сұрыпына тоқталамыз. Биылғы көктемгі мезгілде жауын-шашын мөлшерінің тұқымдардың жер бетіне өніп шығуына жеткілікті жауғанына байланысты жүгері дақылдары бірқалыпты шықты. Биыл аталмыш егіс алқабына 61 сұрып егілген. Жүгері алқаптары екі рет арнайы қазылған арықтар бойынша суарылды. Өсіп шыққан жүгеріні аралап, жүгері собықтарын жинап, анализге жібердік. Жүгері собықтарында ылғалдылық жоғары болса, өнім кептіргеннен кейін ғана қамбаға түсіп, сатуға жарамды болады. Ал, бұл қосымша шығын, оған қоса уақытты талап ететін іс екені айтпаса да белгілі. Заманауи сұрыптар болса қажетті ылғалдылыққа тез жетіп, дәнектерді кептіру сатысынан жылдам өтуге  мүмкіндік береді. Бұл гибридтер арнайы Жамбыл және Алматы облыстарына бейімделгенін атап өткен жөн. Мәселен, «ЛГ 31700» гибриді мол өнім беретін сұрып ретінде танылып үлгерген. Пісу және жинау кезінде қажетті ылғалдылыққа тез жету аталмыш тұқымның ерекшелігі болып табылады. Бұл сұрып 2024 жылдың қорытындысы бойынша 14 пайыз ылғалдылықта 97,2 центнер өнім берді. Бұл өңірдің ауа райының қолайсыз жағдайы мен өңір топырағының құнарлылығын есепке алғанда жоғары көрсеткіш.

Диар Бегислам,
«Жамбыл комплексті мемлекеттік сорттарды сынау учаскесі» филиалының  агрономы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1479
mod_vvisit_counterКеше1409
mod_vvisit_counterОсы аптада4535
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30228
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680444

Серіктестер