Кеше «Аmanat» партиясы аудандық филиалында аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағынбеков өз өтініштеріне байланысты екі азаматты қабылдады. Қабылдауға аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлова мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкері Бағила Тасболатова қатысты. Кездесуге Бурыл ауылынан келген көпбалалы ана Жансая Болатбек ұзақ жылдардан бері ата-анасымен бірге пәтер жалдап тұратындығын айтты. Үй кезегінде тұрғанымен
пәтерге қол жеткізудің қиындығы туралы көмек сұрады. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Мырзаханұлы ауданда үйлер салынып, пайдалануға беріліп жатқанымен үй кезегінде тұрғандардың көп екендігін атап өтті. Сөйтіп, тиісті заңға сәйкес өз кезегі келгенде ғана баспана алуына болатындығы туралы түсіндірді. Ал Жетібай ауылынан келген Меруерт Әтишева жолдасының ІІ-топтағы мүгедек екендігін айтып, оны шипажайға жатқызуға көмек сұрады. Әлия Саққұлова мұндай жағдайда азамат алдымен жергілікті жердегі дәрігерлік амбулаторияға қаралады. Содан соң аудандық емхананың шешіміне байланысты шипажайға жолдаманы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы алуға болатындығын ескертті.
Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ. |
Обновлено 02.12.2024 13:56 |