Онлайн газет



ГАЗЕТ – СЕНІМДІ АҚПАРАТ КӨЗІ

-Ахмет Байтұрсыновтың «Баспасөз-халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген аталы сөзі күні бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ. Алайда қазіргі таңда ақпарат алмасудың заманауи тәсілдері де көп. Соған қарамастан аудандық, облыстық, республикалық газеттер уақытылы шығып жатыр. Рас, қазіргі айтылған ақпарат лезде ғаламтор, түрлі сайттар мен әлеуметтік желі арқылы  жан-жаққа тарап жатады. Дегенмен газет оқу мәдениеті қашаннан бергі талғамы жоғары оқырманның талабы. Бір сөзбен айтқанда газетке басылған сөздің мағынасы зор, ықпалы ерекше, - деді кездесуді ашқан аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов.
Бұдан кейін облыстың барлық аумағына тарайтын өңірдің бас басылымдарының басшылары бірінен кейін бірі сөз алды. «АULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Данияр Асқарұлы серіктестікке қарасты интернет-ресурстар мен «AQ JOL», «Знамя труда», «AR-AІ» газеттерінің жүзеге асырып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Газеттердің ғаламтор, түрлі сайттар мен әлеуметтік желіге қарағандағы айырмашылығына тоқталды.
Жыл сайын оқырмандармен жүздесіп, ой бөлісіп, олардың ұсыныс-тілектері мен сын-пікірлерін тыңдауды дағдыға айналдырғандарын айтты. Газеттің тірегі қашанда өз оқырмандары екендігіне екпін берді.


Ал  «AQ JOL» газетінің бас редакторы Хамит Есаман ғасырдан астам тарихы бар баспасөз жайында сөз қозғаса, «AR-AІ» газетінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбеков келер жылы 20 жылдық белесті бағындырғалы отырған жастар басылымының тыныс-тіршілігін баяндады.
Кездесуді қорытындылаған Рүстем Қалмұхамбетұлы әлеуметтік желі қаншалықты жедел дамығанымен газет өз маңыздылығын жоймайтындығын алға тартып, «АULIEATA – MEDIA» ЖШС-нің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 02.12.2024 13:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1455
mod_vvisit_counterКеше1409
mod_vvisit_counterОсы аптада4511
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30204
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680420

Серіктестер