Онлайн газет



ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАСЫ

Кеше аудан орталығы Сарыкемер ауылында күндізгі сағат 11:00-де «Дабыл» жүйесі іске қосылып, аудандық электр желілерін тарату мекемесінің алаңында азаматтық қорғаныс құрылымдары сапқа тұрғызылды.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков қатысып, оқу-жаттығу кезеңінде  азаматтық қорғаныс құрылымдарының сапта тұрғызылу барысын бақылады. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Болат Амиралиев жасақтардың әлеуетімен таныстырып шықты. Аудан әкімінің орынбасары Дулат Бекбосынұлы азаматтық қорғаныс қызметі, техникалар мен құрал-жабдықтардың кез келген уақытта төтенше жағдайға дайын болу қажеттігін баса айтып, төтенше жағдай кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барлық тиісті органдардың жауапты екендігіне тоқталды.


Аталмыш шарада аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және №8 өрт сөндіру бөлімшесінің 2 дана өрт сөндіру көліктері  және  су тасқыны, өрт сөндіруге арналған құрал-саймандары, полиция бөлімінің 3 дана электр хабарлағышпен қамтылған көліктері, орталық аурухананың 2 дана жедел жәрдем көрсетуге арналған техника және алғашқы көмек көрсетуге арналған құрал- саймандары, «Байзақ су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 6 дана техникасы (трактор, газель, су тасуға арналған көлік, автовышка), аудандық электр желілерін таратушы мекемесінің 3 техника және электрмен шұғыл қамтамасыз етуге арналған құралдары, газ шаруашылығы мекемесінің 1 техника  және газбен шұғыл қамтамасыз ету құралдары, «Қазақтелеком» бөлімшесінің 3 техника және байланыс желісімен қамтылған жабдықтары таныстырылды. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Мерей-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шұғыл эвакуациялау шараларына қатысатын автобусы мен 3 техника бірлігі сапқа тұрғызылды.

Ақпараттық медиа орталығы.

Обновлено 02.12.2024 13:39
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1476
mod_vvisit_counterКеше1409
mod_vvisit_counterОсы аптада4532
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30225
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680441

Серіктестер