Онлайн газет



ОН ҮШ АЗАМАТҚА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

Еңбек мобилдігі  Байзақ ауданы  бойыншы Мансаптық орталығы филиалы, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і бірлесе және «Amanat» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен жұмыссыздарға, жұмыс іздеушілерге, мүгедектігі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары  жәрмеңкесін өткізді.
«Amanat» партиясы аудандық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ауқымды жұмыстарды жүйелі түрде атқаруда. Оның барысында күн тәртібі бойынша жұмыс беруші тараппен бірлесе отырып, жастарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдем беру туралы мәселе қарастырылды. Жәрмеңкеге 53-тен астам жұмыс іздеушілер қатысып, 74 мекемеден түскен 108 бос жұмыс орындары ұсынылды. Негізінен бос жұмыс орындары автомеханик және ұйымдастырушы мұғалім, қызмет көрсету саласы, мектеп психологі, автобус жүргізушісі, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,  балабақша тәрбиешісі болды.
-Оқу бітіріп жатқан немесе аяқтап қойған ұл-қыздарыңыз, жұмыссыз жүрген таныстарыңыз болса керекті сұрақты мамандарға қойсаңыздар болады. Сонымен қатар мемлекеттің көші-қон бағдарламасы, яғни оңтүстіктен солтүстікке көшіп, сонда еңбек ету. Ол жақта сіздерге жұмыс беріп, бар жағдайларыңызды жасайды,- деді аудан бойынша Мансап орталығының жұмыс берушілермен, ізденушілермен және азаматтардың әлеуметтік осал санаттармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Еркебұлан Бораншы.
Барлық жұмыссыз адамдар жұмыс берушілермен әңгімелесуге жіберіліп, сұрақтарына жауап алып, кеңестер берілді. Нәтижесінде 13, оның ішінде мүгедектігі бар 3 азаматқа тұрақты жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді. Қалған 35 жұмыссыз азаматқа және 5 мүмкіндігі шектеулі азаматқа консультациялық кеңес беріліп, жұмыс орнын таңдау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жәрмеңкеге Жамбыл облысы  жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Дидар Каленов, пробация бөлімі мен ауылдық округ әкімдіктері қатысты.

Нұрдәулет ТӘКІШОВ.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін34
mod_vvisit_counterКеше1480
mod_vvisit_counterОсы аптада4570
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30263
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680479

Серіктестер