Адам өмірінің ең бір сындарлы кезеңі де осы жастық шақ екені белгілі. Өйткені бұл кезең-балғын балалықты артта қалдырып, жауапкершілігі мол ересек өмірге аяқ басатын өтпелі кезең. Жеке адам немесе қоғам мемлекет тарихындағы өтпелі кезеңдердің кімнен болмасын ерекше күш-жігер мен зор жауапкершілік талап ететіні белгілі.Міне сондықтан жастар қауымына осынау сындарлы кезеңнен аман-есен өту үшін барынша қолдау көрсетіп, дұрыс жол сілтеу өмірлік тәжірибесі мол аға буынның қашан да
басты міндеті болып табылады. Бүгінгі жас ұрпақтың осыдан жиырма, отыз, ары кетсе қырық жылдан кейін ел тізгінін ұстайтын аға буынға айналары хақ. Міне, сондықтан ертеңін ойлаған есті ел өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі.Себебі отыз, қырық жылдан кейінгі қоғамның маскүнемдік, нашақорлық, зинақорлық, парақорлық сынды кеселдерден ада ізгі қоғам болып қалыптасуы үшін бүгінгі жас ұрпаққа ата-аналары жақсы тәлім-тәрбие беруі керек. Осы орайда, «Тәрбие басы-тал бесік» дегендей, ұрпақ тәрбиесінің тал бесіктен, тіпті ана құрсағынан басталатынын ұмытпаған жөн. Халқымыздың болашағы-бүгінгі ұрпағы. Ұрпақ тәрбиесі - ұлт тәрбиесі. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Осы ретте ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жастар қауымына қатысты айтқан өнегелі өсиеттерін әрбір жас біліп, өмірде қолдана білсе нұр үстіне нұр болар еді. Біздің мақсатымыз-тәрбиелі, сауатты, еліне адал қызмет ететін, ұлттық құндылықтармен сусындаған, бәсекеге қабілетті, адамгершілігі мол жас толқынды тәрбиелеу.
Сәуле Арғынбаева, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і Діни істері бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі маман-теолог. |