Онлайн газет



МЕЙІРІМДІЛІК - ЖҮРЕКТІҢ ІСІ, ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ

Қазіргі таңда қоғамның мейірім мен қайырымға, аялы алақанға мұқтаж екені жиі байқалады. Тағдыр жазуымен егде жаста жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар мен дерттері жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау – біздің қоғам алдында тұрған маңызды міндет.
Мемлекетіміздің дамуы халқының өмір сүру деңгейімен сараланады. Осы орайда мемлекетіміздің әлеуметтік міндетін айқындаған жұмыстар  жүйелі жүргізіліп келеді. Әлеуметтік мекемелердің бірі- Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі. Әлия Саққұлова басшылық ететін  мекемеде 27 қызметкер өз қызметтерін  мінсіз атқаруды парыздары санайды.
Мекемемізден қызмет алушы жандар отбасы мүшесіне айналып, арқа сүйер демеушісі болып, қалаулары бойынша 8 бағытта қызмет көрсетуде.Сонымен қатар тағдырлары тоғысқан қарт­тардың құлазыған көңіл-күйін жадыратып, әр мерекеде мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға аса мән береді. Қызметкерлер үшін өзгенің қиыншылығы деген түсінік жоқ. Қиналған адам көрсе қолұшын созып, көп саралап жатпай қолынан келген көмегін көрсетеді. Әлеуметтік қызметкерлердің осы салада тұрақтап қалуы да осы қасиеттерінде. Қызмет алушының бабын тауып, қалтықсыз қызмет көрсету үшінде дене күшімен бірге психологиялық табандылықты да қажет етеді.
Біздің бөлімге келіп көмек сұрайтын зейнеткерлер аз емес. Олар әсіресе өз денсаулықтарына байланысты шипажайларға барып ем алуды, таза ауада демалуды ұнатады. Біз оларға тиісті құжаттарын заңдастыруға көмек көрсетіп отырамыз. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарда үнемі назарымызда болады.
Жаңа атаулы ертең ескіге айналатын жүрісі жылдам дәуірге қадам бастық. Қазіргі кезеңде білімді, бәсекеге қабілетті, аса білімдар және өз ісін жақсы көретін адамдар ғана табысқа жетеді. Әлеуметтік салада қызметкер болып бес жыл қызмет жасағанымда бес жылдық тәжірибем маған көп нәрсені ұғындырды. Адам жанын ұғынып, қызмет көрсету үшін  адамның діні, нәсілі, ұлты, жасы, білім деңгейі немесе қоғамдағы мәртебесі маңызды емес екенін түсіндім.  Бұл қызмет тек қана кең жүректі, адами бейнесі айқын, өзінен гөрі өзгелерге болсын дейтін адамның ғана қолынан келері анық. Айналамызда осындай мейірімді адамдардың көп болғаны үлкен бір ғанибет!

Нұрзия Елеусын,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері.

Обновлено 02.12.2024 13:25
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін90
mod_vvisit_counterКеше1480
mod_vvisit_counterОсы аптада4626
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30319
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680535

Серіктестер