Онлайн газет



САҚТАНСАҢ-САҚТАЙДЫ

Балықшылар мұз үстіне шығатын уақытты асыға күтеді. Бірақ қыс кезіндегі балық аулаудың біршама қауіптілігі бар екендігін ұмытпау керек. Кез келген су қоймасы, тіпті бұрыннан таныс, белгілі бір дәрежеде белгілі бір қауіптің орны болып табылады. Мұз үстіне шығу-әрқашан да қауіпті іс. Аудандық  Төтенше жағдайлар бөлімі балық аулаушылардың назарына мұздағы қауіпсіздік ережелерін  қатаң сақтауға шақырады.
Мұзда адамның болуының негізгі қауіпсіз жағдайлары мыналар:
-ұсынылған салмаққа мұз қалыңдығының сәйкес келуі;
-бір адам үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 7 см-ден кем болмауы керек;
-жаяу өткел үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 15 см және одан артық болуы керек;
-автокөліктің өтуі үшін қауіпсіз мұздың қалыңдығы 30 см-ден кем болмауы тиіс;
- судың температурасы 2-3°С кезде адамның суда 5-10 минут болуы оның өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті.
Мұз үстіндегі қозғалыс ережесі:
-мұз үстіне шығу тек тәуліктің жарық кезінде болуы керек;
-су  айдынына шығар алдында мұздың мықтылығын тексеріңіз. Кәсіпқой балық аулаушыларға арналған жерлерде, тұрақты мұз қалыңдығын өлшеу жүргізіледі. Ол жеті сантиметрден кем болмауы қажет;
-балық аулау орнына мұз үстімен жүргенде, қар басқан жерлерден аулақ жүріңіз;
-мұз үсті мөлдір болуы керек. Сүт түстес борпылдақ мұз беті қауіпті болады. Мұз бетімен жылжығанда оның түсіне назар аударыңыз. Неғұрлым мұз ашық түсті болса, ол соғұрлым қалыңдықты білдіреді.
Балық аулау барысында:
-мұз бетіндегі кішкентай алаңда топ-топ болып жиналуға болмайды;
-шектеулі жерде көп ойықтар жасамаңыз;
-Егер де сіз мұз астына түсіп кетсеңіз, үрейленбеуге тырысыңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды шығарыңыз, содан кейін екіншісін. Барлық денеңізбен мұз бетіне шыққанда, ақырындап қауіпсіз жерге сырғанаңыз. Киіміңізді ауыстыру үшін мүмкіндігінше су айдынынан тезірек кетіңіз.
Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда “101”, “112” телефон нөмірлеріне хабарласыңыз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1442
mod_vvisit_counterКеше1409
mod_vvisit_counterОсы аптада4498
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30191
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680407

Серіктестер