Онлайн газет



ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, қоғамда отбасының рөлін нығайту  мақсатында облыс және аудан аумағында ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» жедел алдын алу іс-шарасы өтеді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты- отбасылық - тұрмыстық  қатынастар аясында  қолайсыз отбасында сонымен қатар, тұрмыстық құқықбұзушылық жасауға бейім адамдардың құқықбұзушылыққа жол бермеу. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері  жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында халық арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы  заңнамасын түсіндіру бойынша кең ауқымда іс-шаралар өткізуде. 
Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз - отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқа адамға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті.
Жәбірленушілердің жеке және отбасылық өмірі туралы мәліметтер құпия ақпараттар болып табылады және ол жария етуге жатпайды.Тұрмыстық зорлық-зомбылық қатерімен ішкі істер органдарына хабарласып, дер кезінде көмек көрсетілген отбасыларда құқық бұзушылықтың одан әрі өршу деңгейі төмен болады. Осыған орай, егер сіз отбасындағы зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз немесе оның куәсі болған жағдайда тез арада  полиция  органына  хабарласыңыз.
Байланыс телефоны  тәулік бойы жұмыс жасайды. “102” немесе 4-04-12, Байзақ ауданы полиция бөліміндегі  әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының байланыс  телефондары: 8 702 320 28 38; 8 705 210 83 62.

Айгүл Нұрова,
аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция бөлімі, әйелдерді  зорлық-зомбылықтан қорғау тобының  аға инспекторы.

Обновлено 02.12.2024 13:22
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1407
mod_vvisit_counterКеше1409
mod_vvisit_counterОсы аптада4463
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30156
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680372

Серіктестер