Онлайн газет



Жолдаудың басым бағыттарын түсіндірді


Елбасының биылғы жылғы 14 қаңтардағы “Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Қазақстан халқына  арнаған Жолдауындағы басым бағыттарын  халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары белең алуда. Кеше, Байзақ аудандық соттың төрағасы Д. Тасыбаев  Бәйтерек ауылдық округіне қарасты ауыл тұрғындары және Н.Киікбаев атындағы, Гагарин, Сарыкемер  орта мектептерінің мұғалімдерімен кездесті.

Жүздесу барысында Дәулет Еркебекұлы Елбасының  үстіміздегі жылғы Жолдауы еліміздің рухын көтеріп, ұлы мақсаттарға жетелейтін “Мәңгілік Ел”  деген ұлттық идея ұғымымен ерекшеленетіндігін, сондай-ақ, басты бағдарымыз- “Қазақстан -2050” Стратегиясын орындаудың нақты жолдарын көрсетіп бергендігіне тоқталды. Ол сонымен қатар еліміздің  қол жеткізген жетістіктерін тілге тиек ете келе,  инновациялық индустрияландыру, әлеуметтік қорғау, агроөнеркәсіптік кешен, білім, ғылым, экономика,  бабалар ерлігін ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойына елдік, ұлттық, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіруде ұстаздарға жүктеліп отырған міндетті алдыға тартты. «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деген сөзден туындайтын қазақ тілін өркендету жайлы пікірін ортаға салды.Ал  ең  басты мақсат-еліміздің ең дамыған 30 елдің қатарына енудің маңызын әңгімеледі.   Мұнымен қатар аудандық соттың төрағасы Жолдаудағы  “Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуы тиіс” деген сөздерге кеңінен тоқталып, қарапайым мысалдарды келтіре отырып, аудандық соттың бүгінгі тыныс-тіршілігінен ақпарат берді.
-Еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу,  ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікті тұғырлы ете отырып, “Мәңгілік Ел” идеясын іске асыру, жалпы Жолдаудағы басым бағыттарды  жүзеге асыруға атсалысу- әрбір азаматтың  абыройлы  міндеті. Ал ең бастысы,  көп ұлтты елімізде бірлік пен ынтымақты көздің қарашығындай сақтай отырып, тәуелсіз елде өмір сүрудің өзі де үлкен бақыт», деп түйіндеді сөзін Дәулет Еркебекұлы.
Кездесу барысында туындаған сауалдарға жауаптар берілді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 19.05.2014 12:07
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін485
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада10744
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27374
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279043

Серіктестер