Онлайн газет



СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

Су тасқыны – өзендегі судың кө­те­ріліп, қардың еріп, желдің қатты со­ғуынан өзеннің тасуы немесе сел жү­ру кезінде кейбір елді мекендердегі су басуы.
Су тасқынының келтірер зар­даптарының қатарына үйлер мен ғи­мараттардың, көпірлердің қирауын, темір жолдар мен автокөлік жолдарын су шайып, инженерлік желілердегі апат, тұрғындар арасындағы зардап шегушілер мен жан-жануардың қырылуы сынды оқиғаларды жатқызуға болады.
Үйлер мен жер опырылып, барлығы қозғалып қирап жатқан болса, су тасқынының белгісі деп білсеңіз болады. Су тасқыны кезінде жұмыс орындары мен пәтерлерде радио желісі тәулік бойы жұмыс атқарып тұруға тиісті. Себебі, тұрғындар алдын ала хабардар болуы керек. Хабарландыру дабылдары, эвакуация жасау шаралары мен ережелерімен танысып, соған алдын ала дайын болыңыз.
Су тасқыны қаупі туындаған жағдайдағы іс әрекеттер
Төтенше жағдайлар мен іс-әрекет жөніндегі нұсқаулықтар мен ақпараттарды мұқият тыңдаңыз.  Телефон желісін қажетінсіз қолданбаңыз, сізбен байланысар кезінде желі бос болуы керек.
Сабырлық сақтап, көршілерге ескер­тіңіз, мүгедектерге, балаларға жә­не де егде жастағы адамдарға көмек көрсетіңіз.
Жергілікті билік орындарынан эвакуация үшін тұрғындарды жинау орнын анықтап, соған дайындалыңыз.
Құжаттарыңызды, киім, қажет заттарыңызды, бірнеше күнге арналған тамақтар мен дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Барлығын бір шабаданға жинаңыз. Құжаттарды су өткізбейтін пакеттерде сақтаңыз.
Электр қондырғыларын тоқ көзінен ажыратып, газды сөндіріңіз.
Бағалы заттарыңыз бен азық-түлік өнімдерін үстіңгі қабаттарға немесе жоғары бөлікке көтеріп қойыңыз.
Шамаңыз келсе су басып жатқан аймақтан кетіп қалыңыз.
Есік терезені жабыңыз, уақытыңыз болып жатса, бірінші қабаттағы есік терезелерді тақтаймен бітеп кетуге тырысыңыз.
Жоғарғы қабатқа көтеріліңіз. Егер бір қатарлы үй болса, шатырдың астында болыңыз.
Көмек келгенше жоғарғы қабатта, үйдің төбесінде немесе ағаш басында болыңыз.Құтқарушыларға белгі беріңіз, сізді тезірек тауып алуына мүмкіндік жасаңыз.
Айналаңызда зардап шегушілер жоғына көз жеткізіңіз, болған жағдайда шамаңыз келгенше көмек қолын созуға тырысыңыз.
Көмек келгенше жоғарғы қабат­тарда, төбелерде, ағаш немесе басқа да жоғарылықта болыңыз. Мүмкін болса ұялы телефонмен хабарласыңыз, құтқарушыларға сізді мүмкіндігінше тез табу үшін белгі беріңіз.
Аумақты су басу қаупін байқаған кезде төтенше жағдай (ТЖ) қызметінің “112” нөмірі бойынша қоңырау соғып, хабарлау қажет. Есіңізде болсын, қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін арашалап қалу мүмкіндігіңіз артады.

Архат ӨКСІКБАЕВ,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін50
mod_vvisit_counterКеше1480
mod_vvisit_counterОсы аптада4586
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30279
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680495

Серіктестер