Онлайн газет



ҚАМҚОРШЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі - мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, сауабы мол іске жүрек жылуын ұсыну- әрбір адамның азаматтық парызы.
2011 жылдан бастап 29 қазан - «Қамқоршы күні» болып қабылданған болатын. Осыған орай Жамбыл атындағы орта мектепте арнайы  іс-шаралар  жоспары құрылып, Жетібай ауылындағы мәдениет үйінде іс-шара ұйымдастырылды.
Жамбыл атындағы орта мектебінде  8 оқушы қорғаншы-қамқоршы аналардың ыстық ықыласы мен қамқорлығында  тәрбиеленіп жатыр. Аялы алақанда әлпештеп, жүрек жылуымен әр балаға сенім мен адалдықтың нұрын ұялата білген аталған оқушылардың қорғаншы-қамқоршылары Тамара Тұрсынбекова,  Құралай Бұхарбаев, Гүлия Бекеевалар мерекелік іс-шараға арнайы  шақырылды.
Шара барысында Жамбыл атындағы орта мектептің директоры Жұмағали Құлтаев,  Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі Нүркен Өнетаев, қамқоршылық кеңестің төрағасы Ахмет Кенбаевтар сөз алып, балаларға жақсы тәрбие беріп, олардың сапалы білім алуына, еліміздің жақсы азаматы болып өсуіне қамқорлығын танытып, жүрек жылуын беріп жүрген қамқоршы-қорғаншыларды Алғыс хатпен марапаттады. Мұнан кейін қамқоршы аналар сөзге шығып, жүрекжарды лебіздерімен бөлісті. Жетібай ауылының қазыналы қариялары Қалмахан Бекмағанбетов, Қадір Турабаев, қамқоршылық кеңестің мүшесі Жомарт Келгенбаев  ретімен сөз алып, балаларға деген  қамқорлықтары үшін ризашылықтарын жеткізді. Сынып жетекшілер Айдос Альменбаев, Зауреш Кобландина, Балхия Сембиева, Жанат Тәжібекова, Назира Молдабекова, Эльмира Қалмамбетова, Динара Ташкеева, Бақыт Молдабекова, клуб меңгерушісі Гүлайым Сапарханова, әлеуметтік-педагогтар Дина Алпысбай және өзім, педагог-психологтар Динара Әбдіжәділова, Нұрай Бақбаевалар жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, жақсы тәрбие беріп отырғандары үшін қамқоршы  аналарға алғыстарын білдірді.

Жұпарзат Карымбаева,
әлеуметтік педагог.
Жетібай ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін80
mod_vvisit_counterКеше1480
mod_vvisit_counterОсы аптада4616
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30309
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680525

Серіктестер