Онлайн газет



МЕДИАЦИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

“100 медиативтік мектептің жобасын іске асыру» мақсатында Гүлнар Ерханова  басшылық ететін Талас ауылындағы Н.Гоголь атындағы орта мектебінде аудандық медиаторлар кеңесінің төрайымы Ғайни Көшекбаеваның ұйымдастыруымен  медиация  кабинеті ашылды.
-Медиация-бабалар мұрасы немесе татуластыру механизмі. Орталықтың негізгі мақсаты-медиация қағидаттарының негізінде жанжалды  жағдайға қатысушыларды әлеуметтік оңалтуға және жанжалдардың алдын алуға ықпал ету. Жасөспірімдерді отансүйгіштікке, білім нәрімен өзін-өзі жетілдіріп, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу. Мектеп медиациясы барлықтарыңызды бітімгерлікке шақыру және жанжалдар санын азайту,- дейді іс шараны ұйымдастырушылар.
Іс-шарада алғашқы сөз аудандық соттың төрағасы Досжан Төленбековке берілді.
-Бүгін ауданымызда тағы да бір ерекше күн.Тағы бір мектебімізде медиция кабинеті ашылып жатыр. Медиация дегеніміз тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу. Медиация жанжалдарды сотқа жеткізбей-ақ тиімді шешуге мүмкіндік береді. Аудандағы даулардың 64 пайызы медиация арқылы шешіледі. Ал бұл осы тәжірибенің тамаша көрсеткіші. Жәнеде әр бала өз құқығын біліп, заңға бағынып жүрсе даулардың азаяры сөзсіз. Медиация мамандарына сәттілік тілеймін, - деді Досжан Қанатбекұлы.
- Биылдыққа үшінші медиация кабинетінің ашылуына қатысып жатырмын,- деді М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Клара Бұзаубақова.-Бұл біз үшін жақсы жетістік болып саналады. Медиация кабинетінің ашылуы бала тәрбиесіне үлкен үлес қосады деп сенемін. Медиация орталықтарынан бөлек ізгілік орталықтарында ашуымыз керек. Қазіргі балалардың бос уақыты көп, телефонға көп телміріп отырады. Сондықтанда сабақтан бөлек демалыс күндерінде үйірмелерге қатыстыруымыз қажет.
-Отбасы және қоғамның бірлесе жұмыс жасауы-бала үшін игілікті болашақ құрудың басты кепілі. Медиация үдерісін дұрыс қолданып, оны тиімді құрал ретінде пайдалана білсек, баланың жан-жақты дамуына үлес қоса аламыз,-деді мектеп директоры Гүлнар Кездікбайқызы.
Жамбыл облысы бойынша адам құқығы жөніндегі уәкілдің өкілі Берікбол Байхожаев, облыс әкімдігі Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырмасы шеңберінде «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы  Шарапат Сүйімқұл, аудандық медиаторлар кеңесінің төрайымы Ғайни Көшекбаева өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, медиация кабинетінің ашылуымен құттықтады.  Артынша лента қиылды.
Іс-шара барысында «Жанжалды сындарлы шешу жолдары» тақырыбында оқушылар арасындағы дебат өтті. Сондай-ақ оқушылар би билеп, хормен ән  айтып көпшіліктің көңілінен шықты.
Айтулы шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Сейтқазина, аудан прокуратурасының аға прокуроры  Дәулет Темірғалиев және мектеп ұстаздары қатысты.

Нұрдәулет Тәкішов.

Обновлено 19.11.2024 11:59
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін92
mod_vvisit_counterКеше1415
mod_vvisit_counterОсы аптада6733
mod_vvisit_counterӨткен аптада14779
mod_vvisit_counterОсы айда8927
mod_vvisit_counterӨткен айда64363
mod_vvisit_counterБәрі2624663

Серіктестер