ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аударылуда. Қызмет алушының өтінішін қарау барысында Департаментпен «ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметінің сапасыз көрсетілгендігі анықталды. Жекелей алғанда, Жамбыл ауданының тұрғыны іс жүзінде тұрмайтын басқа мекенжайға
тіркелген. Департаментпен өтінішті қарау барысында азамат уәкілетті органға бірнеше рет жүгінгендігімен, оған тіркеуді ауыстыру туралы нақты себептерді көрсетпей, тіркеу мекенжайын өзгерту мүмкін еместігі туралы бас тартулар орын алғандығы белгілі болды. Көрсетілетін қызметтерді алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, Департаментпен қызмет алушының бұзылған құқықтарын қалпына және тұрғылықты жері бойынша тіркеу деректерін ретке келтіруге бағытталған шараларды қабылдау қажеттігі жөнінде қызмет беруші органға хат жолданды. Осылайша, Департамент ден қойғаннан кейін, қызмет алушыны нақты тұратын жері бойынша тіркеу жүргізіле отырып, құқықтары толық қалпына келтірілді. Естеріңізге сала кетейік, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтары бұзылған жағдайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8 А мекенжайы немесе 8 (7262) 43 88 08 нөмірі бойынша, сондай-ақ «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласуға болады. Өтініштер «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы беріледі.
Руслан Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы. |