Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екеніне тоқталған еді. Байзақ аудандық қазынашылық басқармасы өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, соның ішінде ақпараттық және түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Сенім телефоны
жұмыс жасайды. «Құқық бұзушылыққа «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыру» тақырыбында түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: “Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл-бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық-парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ұлы Абай “Адал еңбекпен мал іздемек-арлы адамның ісі” деген. Ал арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды”,-деді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылыққа деген төзбеушілік қағидатын қабылдамау арқылы қоғамымызға кері әсер ететін сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құруға болады. Ол үшін адал еңбек етіп, халыққа сапалы қызмет көрсетуге, қоғамда заң мен тәртіптің салтанат құруына атсалысуымыз керек. Жалпы қоғам дертімен күресу тек құзырлы органдар ғана емес, баршамыздың міндетіміз болуы тиіс. Көп болып күрессек қана нәтижеге қол жететін болады.
Мақсат ТЕЛЬГОЗИЕВ, Байзақ аудандық қазынашылық басқармасының басшысы. |