Жамбыл облыстық “Қызыл Ай” қоғамы филиалы мен Шырын Қапарова басқаратын аудандық аналар кеңесі тығыз байланыста жұмыс істейді. Кеше ауданға қоғам филиалының директоры Сандуғаш Қырғызбаева келіп, ауданымыздағы жалғызбасты, мүгедек үш анаға азық-түлік себеттерін тапсырды. Сондай-ақ мүгедек 20 ер азаматқа киім әкелді. Олар алдымен Сарыкемер ауылындағы жалғыз өзі тұратын қарт ана Гришкевич Галина Андреевнаның үйінде болып, жағдайымен танысты. -Біз облыстық “Қызыл Ай” қоғамы филиалынан келіп отырмыз. Алдымен сіздің жағдайыңызды біліп, аудандық аналар кеңесінің ұсынысы бойынша
азын аулақ азық-түлік ала келдік. Сіздер біздің әрдайым назарымызда боласыздар,-деді филиал директоры С.Қырғызбаева. - Мені елеп-ескеріп арнайы жағдайымды білуге келгендеріңізге көп рахмет. Мен осында жалғыз өзім тұрамын. Маған көмек қолын созып тұратын аудан басшыларына, аналар кеңесіне, сіздерге де рахмет. Сіздерге денсаулық, қызметтеріңізге табыс тілеймін,-деді Галина Андреевна. Галина Андреевнаның үйі мен басқада жалғызбасты аналарға барғанда С.Қырғызбаеваның жанында аудандық аналар кеңесінің төрайымы Шырын Қапарова, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері Нұрзия Елеусін бірге болды.
Айдар АЛДАБЕРГЕНОВ. |
Обновлено 19.11.2024 11:52 |