Онлайн газет



ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН САҚТАҢЫЗ

Балық аулау-аңшылық белсенді демалыстың керемет түрі болып табылады. Алайда қауіпсіздік ережесін сақтамаса, ол қауіпті болуы мүмкін. Байзақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары балық аулау және аңшылық кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы хабарлайды.
Балық аулау және шағын көлемді кемелермен аңшылық кезінде қайыққа отыру алдында қайықты мұқият қарап, ескек, ескектің тұтқасы, құтқару шеңбері мен суды құйып алуға арналған қауғаның болуына көз жеткізу қажет.
Қайыққа отыруда сақ болу керек, қайықтың ортасынан басып, орындыққа бірқалыпты отыру қажет. Қайықтың бортында отыруға, бір орыннан екінші орынға көшуге, сонымен қатар бір қайықтан екінші қайыққа ауысуға, қайықты шайқауға, шомылуға және қайықтан сүңгуге тыйым салынады. Қайықтағы тұлғалар жеке құтқару құралдарын (құтқару жилеті, белбеуше, кеудеше) киіп алуы тиіс.
Шағын көлемді кемелерде жеке құтқару құралдарынсыз отырып, бұзушылық жасаған тұлғаларға ескерту шарасы қолданылады немесе бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Түнгі мезгілде балық аулауға немесе аңшылыққа тыйым салынады.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөмірі бойынша құтқару қызметіне хабарласыңыз.

Архат ӨКСІКБАЕВ,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін294
mod_vvisit_counterКеше1344
mod_vvisit_counterОсы аптада1638
mod_vvisit_counterӨткен аптада9056
mod_vvisit_counterОсы айда294
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2927309

Серіктестер