Онлайн газет



МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАР ҮШІН ПІКІРСАЙЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ

Пікірсайыс клубтары мектептерде оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуға, өз пікірін еркін жеткізе білуге және көпшілік алдында сөйлеу шеберлігін арттыруға ықпал етеді. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың өз ойларын еркін әрі сауатты жеткізіп, дәлелдер арқылы қорғай білуі маңызды. Бұл дағдылар адамды тек оқу орнында ғана емес, өмірдің әр саласында да жетістікке жеткізетін негізгі қасиеттерге жатады.
Пікірсайыс барысында оқушылар түрлі тақырыптарда өз ойын ортаға салады, қарсыласының көзқарасын тыңдап, оны терең түсінуге тырысады. Бұл үдеріс қатысушыларды шыдамдылыққа, төзімділікке, басқа адамдардың пікіріне құрметпен қарауға үйретеді. Сонымен қатар, пікірсайыс оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытады. Себебі олар әр аргументті жан-жақты талдауға, дәлелдер мен қарсы дәлелдер ұсынуға, өз позициясын қорғай білуге үйренеді. Аталған қасиеттер болашақта оларды шешім қабылдау кезінде сенімді және салмақты әрекет етуге дайындайды.
Пікірсайыс клубтары сонымен қатар оқушыларға көпшілік алдында сөйлеу қабілетін дамытуды үйретеді. Қазіргі қоғамда коммуникация қабілеті табысты мансап құру үшін маңызды дағды ретінде қарастырылады. Пікірсайысқа қатысу арқылы оқушылар өз ойларын жинақтап, жүйелі жеткізуге дағдыланады, ал бұл өз кезегінде олардың өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарылатып, сенімділігін арттырады.
Ауданымызда өткен осындай дебаттан түймекенттік Асылжан Серікбай пікірсайысқа қосқан үлесі үшін Байзақ ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Қорытындылай келе, мектептегі пікірсайыс клубтары оқушыларға жан-жақты даму үшін қолайлы орта құрады. Олар жасөспірімдерді болашақ өмірге дайындайтын негізгі құралдардың бірі болып табылады. Сыни ойлау, коммуникация қабілеті, өз ойын дәлелдеп жеткізу секілді дағдылар олардың тек мектепте ғана емес, өмір бойы жетістіктерге жетуіне көмектеседі. Сондықтан да, балаларыңыздың ойын ашық жеткізіп, өзіндік ойы қалыптасқанын қалайсыз ба? Балаңызды пікірсайысқа жіберіңіз.

Елмұрат Жұмахан,
Түймекент орта мектебінің математика пәні мұғалімі.
«Фемида» пікірсайыс клубының жетекшісі.

Обновлено 19.11.2024 11:45
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін102
mod_vvisit_counterКеше1415
mod_vvisit_counterОсы аптада6743
mod_vvisit_counterӨткен аптада14779
mod_vvisit_counterОсы айда8937
mod_vvisit_counterӨткен айда64363
mod_vvisit_counterБәрі2624673

Серіктестер