Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ-УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Мемлекеттік қызмет көрсету – қызмет көрсетуді тұтынушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызмет тиімділігінің мәселелері көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары (орталық және жергілікті мемлекеттік органдарды қоспағанда), шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар және шетелдік заңды тұлғалар. Қызмет көрсетуші - тиісті салаларда мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекітетін және мемлекеттік қызмет көрсету процесін ұйымдастыратын орталық және жергілікті мемлекеттік органдар. Мемлекеттік қызмет көрсетуді беруші-тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін қызметті көрсетушілер.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
2) Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді  бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын  және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық  игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының  бірі.

Ғазиз Абаханов,
Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1452
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3079
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26650
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909521

Серіктестер