Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымовтың төрағалығымен аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комисссияның отырысы өтті. Оған Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, облыс бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Дәурен Бағжанов, аудан прокуратурасының прокуроры Даулет Темірғали, комиссия мүшелері, тиісті ауылдық округ әкімдері, аудандық полиция бөлімінің өкілдері қатысты. Алдымен “Түймекент ауылындағы кәмелетке толмағандармен орын алған жағдайларға қатысты атқарылған жұмыстар туралы” аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі
Ерлан Сейдаханов есеп берді. Сондай-ақ, ол аудандық полиция бөлімінің есебіне алынған «Жайсыз отбасылармен» атқарылған жұмыстармен қатар «Әжемнің ертегілеріне саяхат» танымдылық сағаттарының білім беру мекемелерінде ұйымдастырылу барысы туралы баяндады. Әрмен қарай кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия хатшысы Жасұлан Үсенбаев комиссия хаттамаларының орындалу барысына тоқталды. Аудандық білім және полиция бөлімдерінде комиссия хаттамаларының орындалуы деңгейі төмен екендігіне екпін салды. Мұнымен қатар Байзақ аудандық білім бөліміне қарасты «Берікқара» орта мектебіндегі іс-құжаттарында проблемалық мәселелері бар оқушыларға қатысты мәселе қаралып, аудандық көші-қон полициясына тиісті ұсыныстар енгізілді. Күн тәртібіне шығарылған мәселелерге қатысты Д.Бағжанов, Д.Темірғали және комиссия мүшелері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында, комиссия төрағасы Рүстем Қалмұхамбетұлы балалар құқығын қорғау, ата-аналармен тығыз-қарым қатынаста жұмыс жүргізу, ”Бестерек” жобасының барлық білім ошақтарында сапалы жүргізілуін назарға алу, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейту мәселесіне арнайы тоқталып, атқарылуы қажет жұмыстар бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Өз тілшіміз. |
Обновлено 15.11.2024 11:24 |