Онлайн газет



Батыр ұрпағымен жүздесті

З.Молдабаев,
№3 Байзақ колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы.

Ұлы Жеңістің 69 жылдық мерекесін ұлықтау шаралары жалғасын табуда. Айтулы күнге орай №3 Байзақ колледжінде «Жеңісті жақындатқан жауынгерлер!» тақырыбымен мерекелік кеш ұйымдастырылды. Оны жүргізіп тұрған колледж студенттері Азамат пен Алтынай 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғысы, оның зардаптары туралы айтып, Қазақстаннан аттанған батыр бабаларымыз жайлы мәлімет берді. Соның ішінде, ауданымыздың перзенті, Александр Матросовтың ерлігін қайталап, қаһармандықтың тамаша үлгісін көрсеткен Ақәділ Суханбаевтың өмір жолы қатысушыларға таныстырылып, кітапханашы Н.Дидарбекова батырдың батылдығы жайында әңгіме қозғады. Кешке жауынгердің немересі Суханбаев Өмірзақ арнайы шақырылғандықтан, ол атасының  ғибратты ғұмыры туралы естеліктер айтты. Көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп, жерін, елін сүйюге баулуды басты мақсат тұтқан кеште колледждің 13-ші топ студенттері жыр шумақтарын мәнерлеп оқыса, 14-топ студенті А.Кемелова «Әлия», 12-топ студенті Е.Қайратов «Алға Қазақстан!» әндерін әуелете шырқап, отты жылдар мен бүгінгі бейбіт заманды барынша жеткізе білді. Кеште сонымен қатар ақын Қ.Шотбасовтың сөзіне жазылған «Соғыстың ардагері», «Батырға бас ию», «Байзақ елі – байтағым» әндері шырқалды.
Іс-шара аяқталысымен колледж ұжымы бастаған студенттер мен Өмірзақ Суханбаев ағамыз орталық саябақта орналасқан Кеңес Одағының батыры Ағаділ Суханбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерлігіне тағзым етті.

Обновлено 19.05.2014 12:02
 

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін6553
mod_vvisit_counterКеше9433
mod_vvisit_counterОсы аптада22075
mod_vvisit_counterӨткен аптада23896
mod_vvisit_counterОсы айда36582
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4398740

Серіктестер