Биылғы жылдың 10 қарашасы күні Диқан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді. Бүгінгі таңда ауылдық округі әкімінің сайлауында әкімдікке үміткер үш кандидат тіркелген. Олар Абдуалиев Жұман Ауесбекович 1975 жылы туған. Диқан ауылдық округінің әкімі. Аймантөбе ауылының тұрғыны. “Amanat” партиясы қоғамдық бірлестігі ұсынған. Тыныбекова Айман Танатаровна. 1980 жылы туған. Түймекент ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы. Түймекент ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған. Усенбаев Жасулан Амантаевич 1986 жылы туған. Байзақ ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы. Тараз қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған. Сайлауға округке қарасты Диқан, Аймантөбе, Жеңіс ауылдары мен «Денсаулық» саяжайы бойынша 1 846 азамат қатысып, өз таңдауларын жасайтын болады. Сайлау өтетін №134 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Мәншүк Мамыраймова басқаратын комиссия мүшелері мен еріктілер аталған ауылдарға барып, сайлаушыларға шақыру қағаздарын таратып, ондағы QR кодты қалай пайдаланатынын түсіндіруде. Шақыру қағаздарында сайлау 2024 жылдың 10 қарашасы күні, сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін Диқан ауылындағы Мәдениет үйінде (Әлі Күзенбай 19 “а”) өтетіні жазылған. Жаңа форматтағы шақыру қағазындағы тағы бір жаңалық онда заманауи QR код қойылған. Кез келген сайлаушы QR кодқа кіріп, аталған сайлау туралы толық әрі нақты ақпараттар алуларына болады. - Әрбір сайлаушыны толық ақпараттандыру мақсатында QR код бізде алғаш рет қолданылып отыр. Сондықтанда сайлаушылардың үйлеріне барғанда шақыру қағазын берумен бірге QR кодқа кіріп, барлық мағлұматтарды алуға болатынын ескертіп жатырмыз,- дейді учаскелік сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары Дидар Телғараев Диқан ауылындағы Әлі Күзенбай көшесі, 24 үйдің тұрғыны Салтанат Мұсановаға кезекті шақыру қағазын тапсырып шыққан сәтте.
Сүндетулла ӘБІЛОВ, Диқан ауылы. |
Обновлено 29.10.2024 10:44 |