|

Ата-бабаларымыз «найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғап қалған кең байтақ жеріміздің тыныштығын, мемлекет қауіпсіздігін қорғап отырған Қарулы Күштеріміздің құрылғанына жиырма жылдан асты. Әсіресе, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеуде еліміздің айбыны – Қарулы Күштерімізге деген құрметті
қалыптастыру мақсатында аудан мектептерінің алғашқы әскери дайындық пәні бойынша оқушылардың байқауы өтті. Оған аймақтық байқаудың жеңімпаздары және аудандық жас жол инспекторлары құрамасы, Қазақстанның 40 жылдығы мектебінің “Жас ұлан”, Н.Киікбаев атындағы мектептің “Жас мердігер” патриоттық топтары қатысты. Шараға қатысушылар алдымен облыстық жарыстан жүлделі орын алып қайтқан Пушкин орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні оқушыларының өнерін тамашалады. Бұдан соң әрбір құрама сапта тұру, саптық шерумен өту және ән айтудан сайысқа түсті. Әділқазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Мырзатай орта мектебі иеленді. Екінші орынды Н.Киікбаев атындағы және Сарыкемер орта мектебінің қыздар тобы өзара бөлісті. Үшінші орын тұғырынан Ғ.Мұратбаев мектеп гимназиясының қыздар тобы, Ш.Уәлиханов, Пушкин, Түймекент мектептерінің намысын қорғаған құрама көрінді. Алғыс хаттармен Қазақстанның 40 жылдығы атындағы мектебі, жас жол инспекторлары, “ Жас ұлан”, “ Жас мердігер”, Ғ. Мұратбаев мектеп гимназиясының ұлдар тобы, Сарыкемер, Ю.Гагарин орта мектептері мен Н.Киікбаев атындағы мектептің ұлдар тобы марапатталды. Отан қорғаушылар күнінде балалар мен жасөспірімдер орталығы және №3 кәсіптік колледж оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар спорттық ойындарда көш бастаған жеңімпаздар да сый-сияпатқа ие болды.
Өз тілшіміз. |
|
Обновлено 14.05.2014 16:10 |