Онлайн газет



ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ЕНУІ

Қазақ даласына ислам дінінің енуі шамамен 1250 жыл бұрын басталды. VIII ғасырдың басында Орта Азияны өзіне қаратқан арабтар бірте-бірте қазақ даласына қарай жылжи бастайды. 751 жылғы Талас өзені бойындағы арабтар мен Қытай əскері арасында болған Талас шайқасы қазақ халқының тарихындағы үлкен маңызды оқиға еді. Талас шайқасында түркі тілдес тайпалардан құралған түргештердің араб əскері жағына шығуы қытайлықтардың жеңіліске ұшырауына себеп болды.
Көк тəңіріне сиынатын түркі тайпаларына исламдағы бір ғана Жаратушыға сиыну, көшпелілердің дүниетанымдық көзқарасына жақын болуымен қатар салт-дəстүріне де

кереғар болмады. Көшпелі тұрмыстағы түркі тайпаларының исламды қабылдауы мұсылмандық түркі мəдениетінің қалыптасуына əсер етті. Ислам дінінің сүниттік тармағының ханафиттік бағытының ерекшелігі де сол жергілікті халықтың салт-дəстүрімен үйлесімділігінде. Қарахан əулеті (Х-ХI ғ.) билігі тұсында Мұса қаған 960 ж. ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялағаннан соң бұл аймақта ислам мəдениетінің таралуына жол ашылды. Ғылым, білім, қолөнер, сəулет өнері, əдебиет жылдам қарқынмен дами бастады. Мешіт, медресе, кітапханалар бой көтеріп, жаңа қалалар салынды. Сайрам, Тараз, Құлан, Меркі, Баласағұн, Сауран, Ясы, Өзгент қалалары тек сауда орталықтары ғана емес, ғылым мен өнердің əдебиеттің орталығына айналды.
Ислам дінінің қазақ жеріне енуінің тағы бір кезеңі бұл Алтын Орда дəуірі еді. Өзбек ханның тұсында (1313-1341ж.ж.) ислам діні мемлекеттік дін дəрежесіне көтеріліп, Алтын Орданың қуатты елге айналуына ықпалын тигізді. Көшпелі тайпалардың арасында сопылық ілімнің таралуына еңбегі сіңген Қожа Ахмет Яссауи өз шығармаларын түркі тілінде жазып, ислам құндылықтарын таратса, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари еңбектері адамзатты ізеттілікке, мейірімділікке, адалдыққа шақырды.
Шариғат заңдары Қазақ хандығы тұсында қоғамдық қатынастарға дендеп еніп, халықтың əдеп-ғұрпы мен дəстүрімен сабақтасып жатты. Қасым хан билік құрған 1511-1523 жылдары Қазақ хандығы нығайып, ірі мемлекетке айналады. Қазақ хандығы тұсында ислам діні мемлекеттік дін дəрежесіне көтеріледі.
Сол заманның тарихшысы Фазлаллах Ибн Рузбеханның қазақтардың билеуші топтары жөнінде: «Олар құран оқиды, намазға жығылады, өз балаларын мектепке береді»,-деген жазбаларының өзі-ақ бұған дəлел бола алады. Қазақ хандығының ең қуатты елге айналуына үлес қосқан Қасым хан енгізген «Қасым ханның қасқа жолы» заңдар жинағынан да ислам дінінің қазақ қоғамындағы орнын байқауға болады. Тəуке ханның «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар жинағы да шариғат пен көшпелі тұрмыстағы дала заңдары негізінде жасалынғандығын тарихтан білеміз.

 

Сәуле Арғынбаева,
аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің Дін істері  бөлімінің Жастармен жұмыс жөніндегі маман теолог.

Обновлено 29.10.2024 10:43
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін604
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада8344
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда38484
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2829690

Серіктестер