Онлайн газет



МАҚТАНЫШ СЕЗІМІН ОЯТТЫ

Республика күні қарсаңында аудандық  жастар мен Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Менің елім-менің туым” акциясы аясында Мемлекеттік Ту аудан орталығындағы көпқабатты үйлердің балконында ілініп тұрды.
Тараз қаласына қарай жеңіл көлік ішінде кетіп бара жатқан біздер көпқабатты тұрғын үйлердің балконында ілініп тұрған туға көзіміз түскенде  жүрегіміз тебіреніп, бойымызды қуаныш сезімі биледі.
Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз ел атанғалы бері жеткен жетістігіміз бен алған асуларымыз аз емес. Жыл сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып, тұрмыс сапасы артып келеді. Барлық саладағы қол жеткізген табыстар ертеңгі күнге деген сенімді ұялатады.
Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданында да көптеген игілікті істер атқарылуда. Биылғы жылы Сарыкемер ауылында 600 орындық “Жайлы мектеп” пайдалануға берілді. 18 ауылдық округтерге қарасты елді мекендердің жолдары жөнделіп, әлеуметтік нысандар  кезең-кезеңімен салынып жатыр.
Еліміздің айшықты мерекесі - Республика күні барлық ауылдық округтерде аталып өтілді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Көк байрағымыз-мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз-азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз - еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді»,-деген еді.
Отан мен мемлекеттік рәміздер - егіз ұғым. Сондықтан тәуелсіздігіміздің символы саналатын рәміздерімізді қастерлеп, құрмет тұту - әрбір  азаматтың міндеті деп білемін.

Айгүл Азамат,
Сарыкемер ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін25
mod_vvisit_counterКеше1685
mod_vvisit_counterОсы аптада5173
mod_vvisit_counterӨткен аптада10590
mod_vvisit_counterОсы айда18448
mod_vvisit_counterӨткен айда43547
mod_vvisit_counterБәрі2712211

Серіктестер