Миопия - көз оптикасының бұзылуы, қашықтықтағы объектілерге назар аудару қиындықтарымен сипатталатын көру проблемасы. Статистикаға сәйкес, әлемнің әрбір үшінші тұрғыны миопиядан зардап шегеді. Соңғы онжылдықта бұл аурудың өсуі байқалды. Миопияның дамуының негізгі себептері: Тұқым қуалау. Егер де ата-ананың біреуінде миопия болса, балада бұл аурудың даму ықтималдығы 8-ден 24 %-ға дейін артады. Егер ата-ананың екеуінде де
миопия анықталса, онда 50 % жағдайда ол тұқым қуалауы мүмкін. Жақыннан қарағанда көзге жүктеу түсуінің артуы. Көзге жүктеу ұзақ түсу салдарынан шырышты қабақтың кебуіне және көздің орналасу жүйесінің шамадан тыс артуына алып келеді. Көз көрудің кемшілігін дұрыс емес түзету. Көзілдіріктер немесе көзге тағатын линзалардың дұрыс таңдалмауы. Дұрыс тамақтанбау. Көзге арналған маңызды микроэлементтер мен дәрумендердің, мысалы, магний, мырыштың жеткіліксіздігі. Миопияны ерте жастан да анықтауға болады. Көбінесе ол 7-12 жастағы балаларда анықталады. Миопияның алдын алу мақсатында санитариялық дәрігерлер төмендегідей кеңестерді ұсынады. Көзге арналған жаттығулар: Көзге арналған жаттығулар көз тамырларының қан айналымын жақсартуға және көз бұлшықеттерін нығайтуға көмектеседі. Көздің қарашығын жоғарыдағы бір нүктеге, сосын төмендегі бір нүктеге қадау керек. Содан кейін оңға-солға, жоғары-төмен қаратып, бірнеше рет қайталаймыз. Көру гигиенасы. Баланың бөлмесінде дұрыс жарықтандыруды сақтаңыз. Күндізгі немесе жеткілікті жасанды жарық жағдайда оқу ұсынылады. Кітаптан көзге дейінгі қашықтық 30-40 см болуы тиіс, 12-14 жастағы балалар әр 45 минут сайын 15 минутқа үзіліс жасауы керек. Ересектерге әрбір 1 сағат сайын үзіліс жасауы керек. Дұрыс тамақтану. А, С, Е дәрумендеріне, мырышқа, лютеинге бай тағамдарды қолданыңыз. Ең алдымен, бұл шпинат, асқабақ, көкжидек және сәбіз.
Рита Алтынбасова, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы. |