Онлайн газет



АЛҒЫСЫМДЫ АЙТАМЫН

Адам қартайған соң ауыратын жеріде көбейе береме деймін. Зейнет жасынан асқаннан кейін бас ауырып, қан қысымым бірде  көтеріліп, енді бірде төмен түсу әдетке айналғандай. Мұндай кезде адамнан маза кететініде белгілі жағдай.
Республика күні түске таман қан қысымым төмендеп, басым қатты ауырып, маза кетті. Аяқ-қолым мұздай  бастаған соң жедел жәрдем шақыруға  тура келді. Келген қос медбике қарап тексерді де, бірден қимылдатпай зембілге салып, аудандық ауруханаға жеткізді.
Мереке күні болсада кезекші дәрігер Ақнұр Жұмадуллаева бірден қабылдап, өзінің алғашқы көмегін берді.  Сөйтсем, жүрек қағысы бұзылып, қан айналымы дұрыс болмаған екен. Барғаннан бастап жасанды оттегімен демалдырып, медбикелер Айна Балабек, Асия Мубараковалар бірнеше система  құйып, уколын салды.  Басқада ем-домын  жасады. Жиі-жиі қан қысымымды өлшеп, үш сағаттан аса уақытта өз-өзіме келтірді. Басымның ауырғаны қойып, қан қысымымда орнына түсті.
Қатты ауырғаным соншалықты мен өзімді ауруханаға қалай, немен әкелгенінде білмей қалдым. Осындай қиын жағдайда көмек қолын созған ақ халатты абзал жан, Үлгілі ауылдық дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Ақнұр Жұмадуллаева мен медбикелер Айна Балабек, Асия Мубараковаларға аналық алғысымды  айтамын.
Ақнұрдың алдына келген ауруларды  ем-домы ғана емес, өзінің жанға жайлы жылы сөзіменде емдей білетінін бұрыннанда  білуші едім. Бұл жолыда солай болды. Ақнұр алғашқы көмекті көрсетіп қана қоймай, өзінің ақыл-кеңесінде беріп, өз ісіне берілген білікті дәрігер екендігін көрсетті. Ертесіне Тараз қаласына емделуге барғанымда оларда жүрек қағысының  бұзылғандығын айтып, емдеуді қолға алды.
Алғашқы көмекті өз дәрежесінде  көрсете білген дәрігер А.Жұмадуллаева мен медбикелерге алғыс айта отырып, алдағы жұмыстарына табыс тілеймін.

Ғалия Мелдеева,
зейнеткер.
Үлгілі ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін483
mod_vvisit_counterКеше1461
mod_vvisit_counterОсы аптада8212
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда16496
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2943511

Серіктестер