Онлайн газет



ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

Өткен сейсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІV сессиясы болды.
Сессияны аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы, депутат Алтынбек Жәмішжанов  ашып, жүргізіп отырды.
Сессия жұмысына аудан әкімінің  міндетін атқарушы Болат Сағынбеков, аудан әкімдігінің  бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі «Байзақ ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» аудан әкімдігі  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  басшысы, Байзақ ауданының «Құрметті азаматы» атағына ұсыныс енгізу бойынша құрылған комиссия төрағасының орынбасары Сәкен Сыздықов баяндады.
Аудандық мәслихаттың депутаттары «Ауданның Құрметті азаматы» атағына ұсынылған Жасұзақ Әліқұлов, Сәкен Демесинов, Қабылбек Киікбаев, Ғайни Көшекбаева, Еркін Қуанышов, Жомарт Мұхамбетжанов, Райкүл Рапишевалардың кандидатураларын қолдап, аталған азаматтар жеке-жеке дауыс берудің қорытындысы бойынша сессия шешімімен «Байзақ  ауданының Құрметті азаматы» атанды. Осылайша еліміздегі ерекше мерекелердің бірі – Республика күні мерекесі қарсаңында  ауданымыздағы «Байзақ ауданының Құрметті азаматтары» қатары тағы жеті азаматпен толықты.
«Байзақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 маусымдағы «Байзақ ауданының Қызыл жұлдыз елді мекенінің бас жоспарын және Талас стансасының дамыту және құрылыс салу схемаларын (оңайтылған бас жоспарын) бекіту туралы» №31-14 шешімнің күшін жою туралы» аудан әкімдігі сәулет,  қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ербол Садыров баяндады.
Сессияда аталған №31-14 шешімнің күшін жою туралы шешім қабылданды.

Айдар АЛДАБЕРГЕНОВ.


 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін796
mod_vvisit_counterКеше1335
mod_vvisit_counterОсы аптада7064
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда15348
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2942363

Серіктестер