Онлайн газет



МЕДИАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Жақында Қызыл жұлдыз ауылындағы Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде Жамбыл облысы Қазақстан  халқы Ассамблеясының медиаторы, Жамбыл облысының әкімшілік білім басқармасы жанындағы білім беру ұйымдарының медиаторлар кеңесінің төрайымы Ғайни Көшекбаеваның ұйымдастыруымен  «Медиация қызметінің даму үрдістері»  тақырыбында аудандық семинар болып өтті.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аудандық соттың төрағасы Досжан Төленбеков,  «Amanat» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік Университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Клара Бұзаубақова, «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Әубәкірова, Жамбыл облысының ҚХА медиаторы, облыс әкімдігі білім басқармасы жанындағы білім беру ұйымдарының медиаторлар кеңесінің төрағасы  Ғайни Көшекбаева және үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті билік органдары өкілдері, аудандық орта мектеп директорлары, ауылдық округтік ардагерлер кеңесінің және медиаторлар қауымдастығының мүшелері қатысты.
Семинардың мақсаты-мектептегі медиация қызметінің оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы жанжалдарды бейбіт жолмен шешу, қарым-қатынасты жақсарту және мектептегі қолайлы психологиялық ахуалды қамтамасыз ету жолдарын айқындау, өскелең жас ұрпақты отансүйгіштікке, білім мен өзін-өзі жетілдіруге, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу болып табылады. 
Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қалмұхамбетұлы өзінің алғы сөзінде қазіргі кезде мектептегі медиация қызметі білім деңгейіне ғана емес, сонымен қатар жасөспірімдерде мәдениет, жалпы психологиялық даму, адамгершілік сияқты қасиеттерінің қалыптасуына әсер ететінін, бұл бағыттағы жұмыс тек соттың ғана міндеті емес, барлық органдардың ортақ жұмысы болып табылатынын жеткізді.


- Медиация институты құқықтық мәдениеті жоғары елдерде кең таралған және өмірдің кез келген саласында қолданылады. Мектепте татуластыру жұмысын дамыту азаматтық қоғамның дамуына, жасөспірімдердің сана-сезіміне және мектептегі оқиғалардың саны төмендеуіне  алып келеді. Бұған біз іс жүзінде  куәсі болып жатырмыз. Яғни, медиация кабинеттері ашылған мектептер бұған дәлел, - деді аудандық соттың төрағасы Досжан Қанатбекұлы.
«Медиация институтын дамытудағы педагогикалық қызметтің рөлі» тақырыбында сөз қозғаған  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік Университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Клара Жайдарбекқызы медиация дағдыларына ие педагогтар тек қана қақтығыстарды тиімді шешіп қана қоймай, оқушылардың бейбіт қарым-қатынас, серіктестік және өзара түсіністік дағдыларын қалыптастырады. Бұл стресс, агрессия және наразылық деңгейін төмендетіп, нәтижесінде оқу үдерісі мен мектептегі психологиялық ахуал жақсаратынын айтты.
Ауданымыздағы №1 мектеп-гимназиясының директоры Гүлпаш Жаманова «Балалардың құқықтарын қорғау мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектепті корпоративті басқару тиімділігі» тақырыбына тоқтала келе: - Корпоративті басқару-балалардың қауіпсіздігін, білім алу құқықтарын қорғауды және оқу процесіне тең мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін құрал. Бұл басқару жүйесі мектептегі барлық процестердің үйлесімді және әділ болуына, балалардың құқығын қорғау механизмдерінің тиімді жүзеге асуына септігін тигізеді, - деді.
«Мектеп медиация қызметін жоспарлау» тақырыбында ой өрбіткен Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің директоры Айсара Сейдалиева мектепте медиация қызметін жоспарлау-жанжалдарды тиімді шешуге және білім беру ортасын жақсартуға мүмкіндік беретін маңызды қадам екенін атап өтті. Тиімді жоспарланған медиация қызметі мектеп ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып, оқушылардың жанжалды жағдайларды өз бетінше шешу қабілетін дамытуға ықпал ететіндігін атап өтті.
Түймекент орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп медиациясы орталығының төрайымы Ержанна Бөгенбаева мектеп, отбасы және қоғам арасындағы байланыс болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуына тікелей әсер ететінін, Осы үштік қатынас ішінде медиация қызметін қалыптастырып, бірлесе жұмыс істегенде ғана балаларға игі болашақты қамтамасыз ете алатынына тоқталды.


- Мектепте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып жұмыс жасау керек. Оқушылардың жас ерекшелігі, көзқарасы, ой-өрісіне қарай жаңа форматта сауалнамалар жасалсын. Мектепішілік құқықтық кеңесте психологтың сауалнама нәтижесіне сай шаралар қолданғаны жөн. Медиация қызметінен  медиаторлар ғана емес пән мұғалімдер де хабардар болуы және сол бойынша жұмыстар атқарғаны абзал, - деген «Amanat» партиясы  аудандық филиалының төрағасы Индира Әбілханқызы өз ұсынысын білдірді.
Семинарды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов: -Бүгінгі семинарда ауданымызда ашылған медиация кабинеттерінің атқарған жұмыстарына және оның нәтижелеріне көз жеткіздік. Осындай жұмыс ауданның әр мектебінде жүргізілуі керек. Өйткені бұл оқу процесінің қатысушыларына даулар мен түсініспеушіліктерді медиация принциптерінің негізінде шешуге көмектеседі. Жасөспірімдердің дамуына, шешім қабылдауына ықпал етіп, олардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алады. Ендігі міндет-ауданның барлық мектептерінде медиация кабинеттері мен бұрыштарын ашу. Бұл міндетті қазан айының аяғына дейін орындау мектеп директорларына тапсырылады,-деп сөзін түйіндеді.

Айжамал УРОЗАЛИЕВА.

Обновлено 28.10.2024 10:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін516
mod_vvisit_counterКеше1368
mod_vvisit_counterОсы аптада4824
mod_vvisit_counterӨткен аптада9056
mod_vvisit_counterОсы айда3480
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2930495

Серіктестер