Онлайн газет



АСПАН АСТЫ КӨРМЕСІ МЕН КӨРКЕМСУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Республика күні мерекесі қарсаңында, аудан тарихы мен шежіресінің киелі ордасы саналатын аудандық тарихи-өлкетану музейі заманға сай сұраныс үдесінен шығарлық жаңалықтарымен бөлісті. Аудандық тарихи - өлкетану музейі бұған дейін бес экспозициялық залмен қамтылған болса, енді оған «Аспан асты көрмесі» мен «Көркемсурет галереясы» қосылды. Бұл шын мәнінде музей жұмысының ілгері қадам басқанын айғақтаса керек.
Көне мен жаңаны үйлестіріп, елдік мінезіміздің сақталуына дәлелді дүниелер жинақтап отырған музейдің ашық аспан асты көрмесінің ашылуында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков пен ауданның Құрметті азаматы, ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатыр ізгі ниеттерін жеткізді. Аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, жаңа көрменің лентасы салтанатты түрде қиылды.


Аспан асты көрмесінде сонау VІІІ ғасырдан бастап ХІІІ ғасыр аралығын қамтитын құнды жәдігерлер: ежелгі дәуірден сақталған балбалтас, құмыралар, астық бастыруға арналған құрал, тасқа қашалған көне жазу, жер өңдейтін соқа, астау, адам бейнесіндегі балбалтас, қос доңғалақты көне арба, тағы да басқа жәдігерлер қойылған. Ал, «Көркемсурет галереясы» бөлімінде «Байзақ баба», «Тектұрмас», «Қарахан», «Айша бибі» кесенелерінің макеттері мен жергілікті танымал суретшілердің шығармашылықтары орналасқан. Олардың қатарында, Асылхан Алдабергеновтің Ахмет Байтұрсыновтың картинасы «Ғасыр ұстазы», Жанатбек Тұрғынбайтегінің «Ақ селеу», «Натюрморт», Жанболат Сапаровтың «Жамбыл Жабаев», Көркемсурет балалар мектебінің түлектері  Нарықбек Охаптегінің «Атамекен»,  Ділназ Жидебаеваның «Қыз қуу» шығармалары орын алған.
Шара қатысушыларына музейдің ғылыми қызметкері Айнагүл Мамытбекова мен экскурсовод Жамал Абдрахманова көрмені таныстырды. Соңынан келген қонақтар ризашылықтарын білдіріп, естелікке суретке түсті.
Аспан асты көрмесі мен көркемсурет галереясы аудан  халқының қызықтайтын орнына айналары анық. Әсіресе мұнда мектеп оқушыларын әкеліп, өз жерлес қылқалам шеберлерінің жаңа туындыларымен таныстыруды ұстаздар қауымы қолға алса нұр үстіне нұр болар еді. Ал бұл олардың ежелгі дәуірден сақталған жәдігерлерменде танысып, ой-өрістерін дамытуға жол ашады.

Нұрбек Сүгірбеков.

Обновлено 28.10.2024 10:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін186
mod_vvisit_counterКеше1955
mod_vvisit_counterОсы аптада2141
mod_vvisit_counterӨткен аптада12473
mod_vvisit_counterОсы айда6582
mod_vvisit_counterӨткен айда57625
mod_vvisit_counterБәрі2559881

Серіктестер