Онлайн газет



ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАР ЖҰМЫС ТАПТЫ

Аптаның басында  Мансап орталығы ғимаратында жұмыссыз азаматтарға арналған  «Бос жұмыс орындары»  жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкеге ауылдық округ әкімдері, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер қатысты.
Мансаптық орталығы филиалының жұмыс берушілермен, ізденушілер және азаматтардың осал санаттарымен жұмыс бөлімінің басшысы Еркебұлан Бораншы  жәрмеңкеде 75 жұмыс берушіден 101 жұмыс орны жарияланып, оның ішінде жолдама ұсынатын мекемелер тізімдеріне тоқталды. Ал тізімдер мен көптеген бос жұмыс орындары бойынша www.enbek.kz сайтынан  көріп, жұмыс берушілерден қосымша ақпарат, кеңес алып, жұмысқа жолдама алуға

мүмкіндіктері бар екендігін жеткізді.
-Ер азаматтарға арналған жалақысы жоғары, тұрақты  жұмыс орындары жеткілікті. Зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз адамдар үшін «Күміс жас» жобасы әзірленген. Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар қатыса алады. Жұмыстың ұзақтығы 36 айдан аспайды, аяқталғаннан кейін зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орны беріледі. Жалақыны жұмыс беруші белгілейді және төлейді. Бұл ретте 30 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтындай мемлекет алғашқы 12 айда-жалақының 70%-ын, 13 айдан 24 айға дейін-жалақының 65%-ын, 25 айдан 36 айға дейін-жалақының 60%-ын төлейді. Яғни кез келген жастағы жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамту үшін барлық жағдай жасалған. Сұраныстарыңыз және ұсыныстарыңыз бойынша бізге жүгінулеріңізге болады, - деді Мансаптық орталығы филиалы еңбек мобилдігі орталығының бөлім басшысы Бақытжан Қияшов.
Жұмыссыздарды жұмысқа  орналастыру бос жұмыс орындарына қажетті құжаттарды рәсімдеу және жолдама беруді-Олжас Маман, Айдана Саулебаева, Қаламқас Алдабергеновалар жүргізеді.
Іс-шара соңында Бақытжан Владимирұлы азаматтардың мамандықтарына сәйкес тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туғызылған және еңбек нарығындағы сұраныстарға сай  азаматтар тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасатынын жеткізді.

 

Айжамал УРОЗАЛИЕВА.

Обновлено 28.10.2024 10:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін200
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3354
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33494
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824700

Серіктестер