Онлайн газет



ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫНЫҢ АУДАНДЫҚ СЛЕТІ

Жамбыл облысы әкімінің орынбасарымен бекітілген әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декопозияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 21-тармағына сәйкес «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аудандық слеті  өтті.
Аталмыш шараға Сарыкемер мектеп-гимназиясы, Үлгілі, Ә.Жанқұлиев, Түймекент, Қостөбе, Н.Гоголь, Т.Ақбозов, С.Сейфуллин және №3 орта мектеп оқушылары қатысып, ережеге сәйкес екі кезең бойынша өзара мықтыны анықтады.
Слет қатысушылары алғашқы ұлықтау кезеңінде, командалық таныстыру (әр команда өздерін таныстырып, агитбригада, бейнеролик немесе слайд, т.б.) өткен оқу жылында атқарған жұмыстары туралы қысқаша баяндама жасаса, екінші бөлімде «Сыбайлас жемқорлықсыз өмір – дұрыс өмір» тақырыбында театрландырылған көрініс қойды.
Нәтижесінде, «Үздік клуб» номинациясына С.Сейфуллин атындағы орта мектебі,  «Үздік көрініс» номинациясына Сарыкемер мектеп-гимназиясы командасы лайық деп танылды. Жүлделі І орынды Ә.Жанқұлиев атындағы орта мектебі, ал, жүлделі ІІ орынды Қостөбе орта мектебі мен Түймекент орта мектебі командалары бөліссе, ІІІ орынды Үлгілі, №3 және Н.Гоголь атындағы орта мектептері командалары иеленді.
Слеттің облыстық кезеңіне бас жүлдеге ие болған Т.Ақбозов атындағы орта мектебі командасы  жіберілді.

Зәуреш Сатылғанова,
аудандық  білім бөлімінің әдіскері.

Обновлено 28.10.2024 10:29
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1538
mod_vvisit_counterКеше1627
mod_vvisit_counterОсы аптада3165
mod_vvisit_counterӨткен аптада10551
mod_vvisit_counterОсы айда26736
mod_vvisit_counterӨткен айда44721
mod_vvisit_counterБәрі2909607

Серіктестер