
Әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағынбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес болып өтті. Онда күн тәртібіне үш мәселе шығарылып, оның әрбіріне қатысты тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Алдымен аудан әкімдігі сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ербол Садыров «Асарлатып үй салу» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар барысын слайд арқылы сабақтастыра баяндап шықты. Жоба бойынша үстіміздегі жылы 14 үй салыну жоспарланса, соның бүгінгі күнге біреуі ғана пайдалануға ұсынылған. Қалған тұрғын үйлер құрылысын жыл соңына дейін
аяқтау көзделуде. Сондай-ақ кеңесте аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәуренбек Мадешов «2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының басталуы» туралы баяндама жасады. Ал, «2023-2024 жылдары аудан бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайын мемлекеттік сараптамадан өткен және жасалып жатқан бюджеттік жобалар» жөнінде аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қайрат Тайлақбаев баяндады. Бұдан соң, күн тәртібіне шығарылған мәселелерден бөлек, аппараттық кеңесте бірқатар бөлім және мекеме басшылары ретімен шығып, өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайын қозғады. Олардың қатарында, ұлттық жобалар аясында электронды еңбек биржасында жарияланған бос жұмыс орындары, «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі жұмыстар, ҚР Қарулы Күштері мен басқа да құрылымдарына күзгі әскерге шақыру науқаны, басылымдарға жазылу, Республика күні мерекесіне дайындық барысы қаралды. Болат Мырзаханұлы күн тәртібінде қаралған әрбір мәселе бойынша тиісті бөлім, мекеме басшыларына ескерту беріп, олардан орын алған кемшіліктерді дер кезінде әрі сапалы орындаумен қатар жұмысты ширатуды талап етті. Жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша хаттамалық тапсырмалар беріліп, келесі аппараттық кеңесте қайта қаралатын болды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. |
Обновлено 22.10.2024 10:52 |