Онлайн газет



ЕРЛІКТЕРІ ЕЛ ЕСІНДЕ

Өткен аптада Құтқарушы күніне орай, Сарыкемер ауылындағы  әл-Фараби атындағы мәдениет үйі жанындағы  Қайнар әскери бөлімшесінде  орын алған жойқын өртті сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапқан  боздақтар ескерткіші жанында еске алу жиыны өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік  Ермеков, Қоғамдық кеңестің төрағасы  Қыдырәлі Оралов,  аналар кеңесінің төрайымы Шырын Қапарова, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Болат Амиралиев,  ауылдық округ әкімдері, аудан жастары және қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің ата-аналары, туған-туыстары қатысты.
Шарада сөз алған аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қыдырәлі Оралов бұдан үш жыл бұрын әскери бөлімшеде орын алған жарылыстан туындаған алапат өртті сөндіру кезінде қаза болған жауынгерлердің  жарқын бейнесі мен ерлігі ел есінде  мәңгілік сақталатындығын айтты. Мұндай қасірет ешуақытта қайталанбасын, еліміз аман, жұртымыз тыныш,  жастарымыз аман болсын деген тілегін жеткізді.
Бұдан соң  аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков бастап, жиналған қауым ескерткішке гүл шоқтарын қойып, айбынды ерлердің ерліктеріне тағзым етті.

Өз тілшіміз.

Обновлено 22.10.2024 10:50
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін159
mod_vvisit_counterКеше1955
mod_vvisit_counterОсы аптада2114
mod_vvisit_counterӨткен аптада12473
mod_vvisit_counterОсы айда6555
mod_vvisit_counterӨткен айда57625
mod_vvisit_counterБәрі2559854

Серіктестер