Онлайн газет



ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ - ҚҰРМЕТ

Құтқарушылар күні қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов азаматтық қорғау саласының  қызметкерлерін  төл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
-1995 жылғы 19 қазанда Төтенше жағдайлар қызметі құрылған болатын. Содан бері 19 қазан Құтқарушы күні деп ресми түрде жарияланып, жыл сайын аталып өтілуде.


Әрбір сағаты қауіп-қатерге толы, адамдарды ажалдан арашалап, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құтқарушы мамандығы өте мәртебелі  мамандық. Құтқарушы мамандығының ең басты міндеті - адам өмірін құтқару. Апат айтып келмейтіні рас. Тосыннан болған апат кезінде азаматтарға бірінші болып көмекке келетін төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары. Бұл іс кез келгеннің қолынан келе бермеуі мүмкін. Өйткені, оған мықты жүрек, тәжірибе керек. Міндетін адал атқарып, тілсіз жауды тізгіндеп жүрген Сіздердің ел алдындағы абыройлы қызметтеріңізге  табыс тілеймін, - дей келе, Рүстем Қалмұхамбетұлы қажырлы еңбектерімен ерекшеленген №8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирлері Ізтілеу Аманбаев пен Руслан Үсеновты,  өрт сөндіруші Біржан Байгөбековті, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы Жансерік Есқараевты аудан әкімінің Грамотасымен марапаттады.
Бүгінгі таңда Байзақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде штат бойынша 5 қызметкер, №8 Өрт сөндіру бөлімінде 25 қызметкер жұмыс жасайды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 22.10.2024 10:45
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін184
mod_vvisit_counterКеше1955
mod_vvisit_counterОсы аптада2139
mod_vvisit_counterӨткен аптада12473
mod_vvisit_counterОсы айда6580
mod_vvisit_counterӨткен айда57625
mod_vvisit_counterБәрі2559879

Серіктестер