Онлайн газет



ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЕҢ КӨП ҚОЛДАНАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР АТАЛДЫ

Жыл басынан бері Жамбыл облысындағы ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО арқылы 713 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мұндай мәліметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы ұсынды.
Сонымен қатар, ХҚКО арқылы көрсетілетін ең танымал үш мемлекеттік қызмет түрлері  аталды. Бірінші орында – электрондық-сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу. Азаматтар бұл қызметке 166 мыңнан астам рет жүгінген. Екінші орында – автокөлікті тіркеу – шамамен 156 мың рет. Үздік үштікті жеке куәліктер мен ҚР паспорттарын беру қызметі қорытындылайды – шамамен 120 мың өтініш тіркелген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Данияр Медетбековтың айтуынша, ең көп мемлекеттік қызмет қалалық №1 ХҚКО арқылы көрсетілген – 130 783 қызмет. Одан кейін №2 мамандандырылған ХҚКО арқылы  –119 969 қызмет, ал №2 ХҚКО арқылы  – 59 610 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтер тізілімі 1359 қызмет түрін қамтиды, оның 1281-і «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қолжетімді.
ХҚКО әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры, жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын тіркеу секілді мемлекеттік қызметтер мен сервистердің кең спектрін ұсынады. Айта кетейік, тұрғындар қызметтерді тек халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, сонымен қатар уақытты үнемдеп, мемлекеттік сервистерге қолжетімділікті жеңілдететін «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы да ала алады.

 

НАЗВАНЫ САМЫЕ ПОПУЛЯРНЫЕ ГОСУСЛУГИ СРЕДИ ЖИТЕЛЕЙ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

С начала года через ЦОНы и спецЦОНы Жамбылской области было оказано свыше 713 тысяч государственных услуг. Такую информацию предоставил филиал государственной корпорации «Правительство для граждан».
Так, были названы три наиболее популярные государственные услуги, предоставляемые через ЦОН. Первенство – за получением электронно-цифровой подписи (ЭЦП). За этой услугой обращались более 166 тысяч раз. На втором месте с небольшим отрывом  - регистрация автотранспорта - около 156 тысяч раз. Замыкает топ-3 - выдача удостоверений личности и паспортов РК - зафиксировано почти 120 тысяч обращений.
По словам заместителя директора филиала государственной корпорации «Правительство для граждан» по Жамбылской области Данияра Медетбекова, наибольшее количество услуг было предоставлено через ЦОН №1 - 130 783. За ним следуют СпецЦОН №2, который оказал 119 969 услуг и ЦОН №2 – 59 610 услуг.
На сегодняшний день реестр государственных услуг включает 1359 видов, из которых 1281 доступен через государственную корпорацию «Правительство для граждан».
ЦОНы предлагают широкий спектр государственных услуг и сервисов, таких как социальное обеспечение, земельный кадастр, регистрация недвижимости и транспортных средств. Напомним, что жители могут получать услуги не только через цифровые офисы населения, но и через мобильное приложение «ЦОН», которое значительно экономит время и упрощает доступ к государственным сервисам.

Айбарша  Жанысбаева,
Данияр  Абылкасымов,
специалисты отдела Байзакского  района филиала некоммерческого акционерного общества “Государственная корпорация “Правительство для граждан” по Жамбылской области.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін183
mod_vvisit_counterКеше1955
mod_vvisit_counterОсы аптада2138
mod_vvisit_counterӨткен аптада12473
mod_vvisit_counterОсы айда6579
mod_vvisit_counterӨткен айда57625
mod_vvisit_counterБәрі2559878

Серіктестер