Онлайн газет



ЕРІКТІЛЕР ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА СЫЙ ЖАСАДЫ

Дүниежүзілік Даун синдромы күні 2006 жылдан бастап тойлана бастады. Қазан айы Бүкіләлемдік Даун синдромы жайлы ақпараттандыру айлығы болып белгіленген. Сондықтан осы айда төрткүл әлемде Даун синдромы жайлы халықтың сауаттылығын көтеруге бағытталған түрлі
іс-шаралар, Даун синдромы туралы жан-жақты ақпараттар беріліп, түсіндіру жұмыстары  кеңінен жүргізіледі.
Осыған орай,  аудандық орталық емханада «Дауна синдромы» бар балаларға қажетті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, медициналық көмек көрсету, оның ішінде оңалту және санаторийлік-курорттық емдеу, қажетті әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында Ашық есік күні өтті.
Айтулы шара «Болашақ» еріктілер тобының қолдауымен,  Байзақ аудандық орталық емханасының әлеуметтік қызметкерлері, психологтары мен «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен 14 балаға сыйлықтар мен тәттілер табысталды.
Емхана дәрігерлері: балалар невропатологі Халима Қартбаева,  дәрігер реабилитолог Жансая Бақтыбай, психолог Мөлдір Сабербекова ата-аналарға кеңестер берді. Сонымен қатар «Оңалту» бөліміне тиісті ем шаралары тағайындалды. Бұдан соң балалар суреттер салып, өнерлерін көрсетті.
Даун синдромы-ең көп таралған хромосомалық патология. Сондықтан мұндай балалардың өмірге бейімделуіне,  Оңалту орталықтарына уақытында жатуына, дұрыс тамақтануы туралы кеңестер беріліп тұрады.

Арайлым Үйкекбай,
орталық емхананың әлеуметтік қызметкері.

Обновлено 22.10.2024 10:36
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін196
mod_vvisit_counterКеше1955
mod_vvisit_counterОсы аптада2151
mod_vvisit_counterӨткен аптада12473
mod_vvisit_counterОсы айда6592
mod_vvisit_counterӨткен айда57625
mod_vvisit_counterБәрі2559891

Серіктестер